Жасұландықтар қатары көбейді

20131220-04-3Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өткен жылы Астана күні қарсаңында балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының бірыңғай жүйесін құру мақсатында Республикалық «Жас Ұлан» ұйымы жасақталған болатын.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сәтбаев қаласының мектеп оқушылары осы ұйымның қатарына қабылданды. Қалалық іс-шара №25 орта мектепте өткізілді. Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің антын қабылдау үшін ұйым белсендісі, С.Сейфуллин атындағы гимназия оқушысы А.Жағыппар жалпыға ортақ анттың мәтінін барлық оқушылармен бірге қайта жаңғыртты. Онда «Патриот болуға, жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге АНТ етемін» делінген.

Рухты, тәрбиелі, намысқа толы ант қабылдау рәсімінен кейін арнайы шақырылған меймандар оқушылардың мойнына ұйымның белгісі болып табылатын аспан түстес, бейбітшіліктің белгісін білдіретін галстукты салтанатты түрде тақты.

Салтанатты жиын соңында қазақ тілі қоғамының төрайымы М.Бекмағанбетоваға сөз берілді. Ол ұйымның қатарына қабылданған жасұландықтар мен жасқырандықтарды құттықтап, Тәуелсіздік мерекесі баянды болсын деген тілегін білдірді.

М.Мұқатова. Суретке түсірген автор.

Комментарии закрыты.