«Көп түкірсе – көл» деген

Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген, тұрмыстары төмен отбастарынан шыққан оқушы балаларды оқу жылына дайындауды көздеген «Кел, балалар, оқылық!» акциясының аясында көптеген игі істер атқарылуда. Осы айдың 10-на дейін жоспарланған акцияға сәтбаевтық кәсіпкерлер, жекелеген азаматтар, мемлекеттік мекемелер үлестерін қосуда.

Акцияның барысы мен нәтижесі жайлы мәліметті ұйымдастыру, кадр жұмыстары және ардагерлер, мүгедектер, аз қамтылған отбастарымен жұмыс жүргізу секторының бас маманы Айгүл Бақияқызы Бөрібаевадан сұраған едік.

– Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған аз қамтамасыз етілген отбастарынан шыққан 55 оқушы балаға және жеке өтініштер негізінде материалдық-тұрмыстық жағдайы төмен 25 мүгедектің, көпбалалы аналардың балаларына бюджеттік емес басқалай қаржы көздерінен мектеп құралдары мен киім-кешек түрінде барлығы 240,0 мың теңгеге көмек көрсетілді. Сонымен қатар, қаланың жалпы білім беретін мектептері арқылы аз қамтамасыз етілген отбасының 30 баласы киім-кешектермен қамтамасыз етілді.

– Енді осы жұмыстың жүзеге асып, жақсы нәтиже беруінде қолұшын берген азаматтарды атап кетсеңіз…

– Әрине, қай жұмыс болмасын көпшіліктің қолдауымен бітеді. Бұл істе де хатпен шығып, атсалысуға шақырғанда бетімізді қайтармай ақшалай-заттай көмектескен бюджеттік мекемелерге, жекелеген кәсіпкерлерге, жауапкершілігі шектелген серіктестіктерге айтар алғысымыз мол. Олар: Жезқазған кентінің әкімшілігі, «Сәтбаев қаласы ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ, «Сәтбаев қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ, «Шарайна» газетінің редакциясы, өкпе аурулары диспансері, Сәтбаев қалалық қазынашылық бөлімі, «Сәтбаев қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Мәдение және тілдерді дамыту бөлімі, Сәтбаев қаласының мұрағат бөлімі, Балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұжымдары, kaspi bank, «Темірбанк», орталық кітапхана және жеке кәсіпкерліктер «Береке», «Минялова», «Аимторин», «Стоматология», №6 ОДА, «Дарис», «НұрТранСәт», «Взрывпром» ЖШС-тері, «Милость божья» және «Агапе» шіркеулері, «Жігер», «Гермес», «Жанна» , «Шолпанай», «Сайлау», «Изумруд», «Аида», «Акцент», «Сұлу», «Райян», «Сити Центр», «Самал», «Арай», «Асия», «Карсакпай», «Орда», «Шиномонтаж», «Запчасти», «Шаңырақ», «Ғалия Бану», «Топаз», «Гранд», «Кооператор», «Люкс», «Екатерина», «Брайтон», «Обувь», «Нарша» дүкендері.

Міне, осы кісілердің арқасында ісіміз алға басты дей аламыз. «Көп түкірсе – көл» деп халық айтқан сөз бар. Оразада жетім-жесір, кемтарларға бергеннің көп сауабы тиеді деп жатады. Сондықтан барлық азаматтарға Алланың нұры жаусын дейміз.

Жазып алған Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.