Олжамен оралды

20131227-19-01Спорт — денсаулық кепілі. Елімізде жүйріктерден жүйрікті оздырған түрлі бәсеке, көптеген игі іс-шаралар өткізіліп келеді. Тәуелсіздік күніне орай Жезқазған қаласында каратэ кекушинкай ашық Республикалық турнирі өткізілді.

Бел шешіп өз шеберліктерін салмақтаған мықтылардың қатарында Қырғызстан азаматтары, Астана, Алматы, Көкшетау, Тараз және Жезқазған аймағының жастары бар. Турнирге қатысқан спортшылардың жалпы саны 150 болды.

Жарыстың қорытындысы бойынша Сәтбаев қаласының спортшылары жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтқанда 14-15 жас аралығында 50 кг дейінгі салмақта I және II орындарды сәйкесінше № 27 мектептің оқушылары М.Марғұлан мен А.Мұратбек жеңіп алса, III орынға №16 мектептің шәкірті Д.Аханов табан тіреді.

Дәл осы жас аралығында қаламызға II орынның жүлдесін 55 кг дейінгі салмақта №27 мектептің оқушысы С.Қуанышбек алып берді. Осы салмақтан жоғары бәсекеде I орынды осы мектептің тағы бір түлегі Қ.Сарқыт иеленді.

16-17 жас аралығында 60 кг дейінгі салмақта II орынға ЖГК 1-курс студенті М.Мұқатай лайық деп табылды.

Байрақты бәсеке қыздар арасында да жүргізілді. 15-17 жас аралығындағы 60 кг дейінгі салмақта II орын КУПС 2-курс студенті М.Мұқатайға табысталды. Спортшыларды жарысқа сақадай-сай етіп дайындаған БЖСМ жаттықтырушысы Қ.Тоқтыбаев.

М.Мұқатова.

Комментарии закрыты.