Қасиетті айдағы қайырымдылық

Сәтбаев қаласындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебінің ұстаздар қауымы биылғы жаңа оқу жылын әдеттегідей игі бастамамен бастады.Олар көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға материалдық жағынан көмек көрсетті. Оқушыларды мектеп формасымен, аяқ-киім, тағы да басқа қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етті.

Қасиетті Рамазан айында балаларға жасалып жатқан қамқорлыққа олардың ата-аналары да шексіз ризашылығын білдірді. Халқымызда «Жетім көрсең жебей жүр» деген даналық сөз бар. Қазір заманымыз тыныш, молшылық уақытта балаларымыз жетімдік көріп отырған жоқ. Дегенмен, нарық кейбір көпбалалы отбасына қиындық келтіріп отырғанын жасыра алмаймыз.

Балалар – біздің болашағымыз, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, әрбір ұстаз олардың әлеуметтік жағдайын үнемі ескеріп,бақылауда ұстап отырады. Сондықтан да, мектебіміздің ұстаздар қауымы осындай игі істерді үйымдастыруда.Әрине, бұл жолда әлеуметтік педагогтың да үлесі мол.

Ә.Жакупова.

№16 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі.

Комментарии закрыты.