Жаңа ЖҮЙЕ — жаңа МІНДЕТ

20131227-02-04Құқықтық қоғамда өмір сүріп отырған әрбір тұлға үшін отбасының, айналасының тыныштығы басты назарда. Зайырлы мемлекетте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін Ата Заң шеңберінде қызмет жасау – құқық қорғау саласы мамандары үшін жауапты міндет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиялық Жолдауының аясында құқық қорғау саласын реформалаудың жүйелі жұмыстары атқарылуда. Оң өзгерістердің нәтижесінде сала мамандарына жаңа міндеттер жүктелді.

ті болған Жылан жылы құқықтық салаға да оң өзгерістер әкелді.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі №577 бұйрығына сәйкес ағымдағы 1 қарашадан бастап жол полициясы бөлімшесі мен патрульдік полиция ротасы біріккен құрамда қызмет атқаруда.

Жаңа жүйенің тиімділігі жөнінде қалалық ішкі істер бөлімінің штаб басшысы Арман Әбілқасымовтан білген болатынбыз.

– Арман Мұхамбетжанұлы, екі бөлімнің бірігудегі мақсаты не?

– Қазіргі күні елімізде жол-көлік оқиғасының саны артып отыр. Әсіресе, көлікті масаң күйде тізгіндеудің салдарынан елімізде қаза табушылардың саны өсуде. Осыған байланысты ІІМ аталмыш екі бөлімшені бір мақсат жолына біріктірді. Осыған дейін жол тәртібін реттеу тек жол полициясы қызметкерлеріне тиесілі міндет болса, бұл міндетті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау шараларымен қатар атқаратын болады. Ондағы басты мақсат – ел аумағындағы жол бойында орын алатын апаттардың санын азайту, әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау, болған қылмысты жедел әрі ізін суытпай ашу. Осы бағыттағы ІІМ-нің жұмысы қазіргі таңда Үкіметтің қатаң бақылауында.

– Бұйрық күшіне енгелі екі ай болды. Біздегі нәтиже қандай?

– Бұйрыққа сәйкес қалалық ішкі істер бөлімі жол полициясы бөлімшесі мен патрульдік полиция ротасының қызметкерлері біріккен құрамда 3 маусымда қызмет атқарып отыр. Қос бөлімшенің біріге атқарған жұмыстары қазіргі уақытта оң нәтижесін беруде. Екі ай көлемінде автокөлік оқиғасынан зардап шеккендердің санының көрсеткіші едәуір төмендеді.

Бір айта кетерлігі, масаң күйде көлік тізгіндегендерге заң шеңберінде жаза қолданылғанымен, олардың қатары азаяр емес.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.