Мол мейірім, махаббат бар балаға арналады

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл да өз жалғасын тапты.

«Мектепке жол» акциясы көп балалы отбасыдан шыққан балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбастарының балаларына көмек қолын созу, жәрдемдесу мақсатында жүзеге асып келеді. Жаңа оқу жылы қарсаңында қолдауға көмекке зәру балаларға қамқорлық көрсетуге ұмтылған қайырымды жандар қатары күн сайын өсе түсуде.Жаңа оқу жылы қарсаңында – 15 тамыздан 30 қыркүйекке дейін – республиканың барлық аймақтарында «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. Бұл акцияның мақсаты – тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы отбастарына және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және оларға толықтай білім алуға жағдай жасау.

№1 мектеп-гимназияның әлеуметтік педагогы М.Құрмановтың жетекшілігімен ұстаздар акцияға байланысты іс талқылады. Әсіресе, ізгі істе мектеп мұғалімдері белсенділік танытты.

Қайырымдылық жасау қазақтың қашаннан қанына сіңген қасиет. Әлдебір қайырымдылық іс-шарасы жүргізілсе, оған тайлы-тұяғы қалмай қатысады. Атап айтсақ, «Жанерке» кеңсе тауарлар дүкенінің кәсіпкері А.Исаков оқушыларды кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.

«Дом одежды» сауда орталығындағы К.Смайлова және А.Мамуновый, М.Наушарбаева көйлек, спорттық киімдер, аяқ киімдермен қамтамасыз етті. Тәуелсіздік көшесі бойындағы «Ислам» дүкенінің кәсіпкері А.Накупова сөмкелермен қамтамасыз етсе, «Тұрар» сауда орындарының кәсіпкерлері Ұ.Көпеева, О.Энгельман және жеке кәсіпкер Г.Ақбарова. ЖК «Дәулетова» көмек беріп, қажетті киімдермен, оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етті.

Балаларға көмектесу, оларға қажет бұйымдарын беріп, жүзінен қуаныш көру біз үшін үлкен бақыт. Әр кезде жағдайы төмен отбасының балаларына осындай қамқорлық жасалып тұрса, осындай «Мектепке жол» акциясы аясында үлкендер тарапынан игі істер атқарылып жатса нұр үстіне нұр болар еді.

А.Жүнісова.

№1 мектеп-гимназияның мұғалімі.

Комментарии закрыты.