Жезқазған кентінің әкімі А.Сәдуақасовтың 2013 жылы атқарған жұмыстары бойынша есебі

Жезқазған кенті Сәтбаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым қашықтықта орналасқан. Кент құрамына Весовая, Крестовский, Перевалка елді-мекендері және Сәтбаев ауылы кіреді. Жалпы Жезқазған кенті аумағында бүгінгі таңда 7511 (жеті мың бес жүз он бір) адам тұрады. Соның ішінде экономикалық белсенді тұрғындар саны 5117 адамды құрайды.

 Қоғамдық тәртіпті кенттік полиция бөлімі қадағалайды.

Сәтбаев қаласы және кенттің елді-мекендері арасындағы қоғамдық автобус қатынасы KM «Logistic» ЖШС-мен № 1 автобус маршруты арқылы жүзеге асырылады. Жүру интервалы – 20 минут.

Кентте барлығы 338 мүгедек адам бар. 140 мүгедек адамға және 35 көп балалы аналарға қоғамдық көлікте тегін жүру билеттері берілді.

Кент аумағында 4 мектеп бар. Жезқазған кентінде орналасқан № 2 мектепте – 371 оқушы, Весовая елді-мекеніндегі № 10 мектепте – 157 және № 12 мектепте – 289 оқушы, Сәтбаев ауылындағы № 17 бастауыш мектебінде – 6 оқушы білім алады.

Жезқазған кентінде М.Құлышева атындағы аймақтық отбасы түріндегі балалар үйінде 48 бала, “Бөбек” соматикалық шипажайында – 50 бала, “Нұр” туберкулезге қарсы балалар шипажайында 50 бала ем алады.

Кенттегі жасөспірімдер спорт мектебінде барлығы 820 бала, кентте 100 бала бокс, күрес, таэквондо, теннис, баскетбол, волейбол секцияларына қатысып, денсаулықтарын шынықтырады.

Жергілікті тұрғындарға медициналық көмекті Сәтбаев қаласының консультативтік-диагностикалық емханасының филиалы жүзеге асырады. Бұнда 10 адам жұмыс істейді.

Весовая елді-мекенінде № 2-ші музыка мектебі орналасқан. Онда 127 бала әртүрлі үйірмелерге қатысады. Жезқазған теміржол мекемесіне қарасты 250 орындық клуб халыққа қызмет көрсетеді. Клубта «Самоцветы» хоры ұйымдастырылған.

 Осы елді-мекенде 1140 оқырманы бар отбасылық кітапхана орналасқан. Кітап қоры – 41 мың дана.

Кенттің экономика саласы

Жезқазған кентінде және іргелес жатқан елді-мекендерде 38 дүкен, 1 монша, 2 наубайхана, 3 шаштараз, 3 дәріхана және 3 дәмхана жұмыс істейді. Жезқазған кентінде 17 дүкен, Весовая елді-мекенінде – 17, Крестовский елді-мекенінде – 3, Перевалка елді-мекенінде – 1 дүкен бар.

2013 жылдың басынан әр ай сайын әлеуметтік маңызды азықүліктердің бағасын қадағалау жұмыстары жүргізіледі.

Ауылшаруашылық саласы

Жезқазған кентінде ауылшаруашылық кітабындағы мәліметтер бойынша 365 ірі қара мал басы, 436 ұсақ мал басы, 35 жылқы, 112 шошқа, 500 құс тіркелген.

Кент әкімінің аппаратымен жылына 2 рет 1 қаңтарда және 1 шілдеде Жезқазған кентінің және іргелес жатқан елді-мекендердің (Весовая, Крестовский, Перевалка, ГРП), Сәтбаев ауылының барлық тұрғын үй қорын шаруашылық бойынша есепке алу жұмыстары жүргізіледі.

Тұрғын-үй коммуналдық саласы

Жезқазған кентінде және іргелес жатқан елді-мекендерде қоқыс қалдықтарын шығарумен ”Сәт-Тазалық” ЖШС айналысады. Жезқазған кенті бойынша барлығы 55 контейнер алаңшасы бар, осы контейнер алаңшаларына тұрмыстыққалдықтарды жинау үшін 107 контейнер қойылған.

Жалпы Жезқазған кенті бойынша су құбыры желісініңұзындығы – 85,3 шақырым, кәріз желілері 44,2 шақырым, су колонкаларының саны 15 дана.

Кенттегі жылутасығышпен жабдықтайтын жылу желілерініңұзындығы 156,1 шақырым, магистральді желілер 99,08 шақырым, орамдық желілер 57,02 шақырым, оның ішінде, ауыстырылғандар: магистральдік желісі – 245,43 м., орамдық – 201,21 м.

Есқұла жер асты суымен Жезқазған кенті жабдықталған. Весовая, Крестовский, Перевалка елді-мекендері ашық Кеңгір су қоймасынан жабдықтандырылған (2 подъем).

2013-2014ж.ж. жылу беру маусымында 201м жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 260м кварталдық желілер жөндеу жұмыстарынан өтті. Кентте 2 үйдің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды. Суық судыңқұбырын жөндеу жұмыстары бойынша 4 үй жөндеуден өтті.

Қазіргі уақытта Жезқазған кенті және іргелес жатқан елді-мекендердің тұрғын үйлеріне, мекемелерге кәсіпорындарға жылу толығымен жеткізілген.

2013 жылы Жезқазған кентінде келесідей жұмыстар жүргізілді. Весовая елді-мекенінде жалпы сомасы – 4120,0 мың теңгеге Д.Нұрпеисова көшесі №17 үйдің ауласында 1-ші санатты балалар ойын алаңы орнатылды.

5 контейнер алаңшаларын орнатуға жалпы сомасы – 892,8 мың теңгеге орнату жұмыстары атқарылды.

Жалпы сомасы 3426,0 мың теңгеге елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Автокөлік жолдарын қысқы және жазғы уақытта күтіп ұстау жұмысын қамтамасыз ету үшін 8402,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

Сондай – ақ, жалпы сомасы 3602,0 мың теңгеге аулаларды жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, кенттегі көше бойындағы электр жарығын электр энергиясын үнемдеу шамдарына ауыстыру жұмыстары атқарылды.

Сәтбаев ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуге жалпы сомасы 795,0 мың теңге бөлінді. 2013 жылдың 15 ақпанындағы Сәтбаев ауылында Сәтбаев қаласы әкімінің есеп беру кезінде ауыл тұрғындарынан ауыз суды аптасына 2 рет тасу туралы өтініштердің түскеніне байланысты, жергілікті бюджеттен 514,0 мың теңге қосымша қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта Сәтбаев ауылына ауыз су аптасына 2 рет жеткізіледі.

Контейнер алаңшалары аймағын күтіп ұстау, рұқсат етілмеген қоқыстар шығару үшін жалпы сомасы 1231,1 мың теңгеге жұмыстар жүргізілді.

Көше жарығын күтіп ұстауға 737,0 мың теңге бөлініп, жарықтандыру бойынша жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, 155,7 мың теңгеге Весовая елді-мекеніндегі көше бойындағы тұрақтарға «Тюльпан» шамшырақтары орнатылды.

Весовая елді-мекеніне 2 «Панно» және 1 «Грибок» жарнама щиттерін орнату жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.

2014 жылы Жезқазған кенті және іргелес жатқан Весовая, Крестовский, Перевалка елді-мекендерде атқарылатын жұмыстар

2014 жылы кенттіңәлеуметтік-экономикалық, тұрғын үй коммуналдық мәселелерін жақсарту үшін келесі жұмыстар атқарылады. Яғни:

Елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға 3271,0 мың теңге;

Контейнер алаңшаларын орнатуға – 1400,0 мың теңге;

Елді-мекендерді жарықтандыру бойынша шамшырақтарды орнатуға – 4139,0 мың теңге;

Балалар ойын алаңдарын күтіп ұстау және жөндеуге – 500,0 мың теңге;

Елді-мекендерді санитариямен қамтамасыз етуге – 2555,0 мың теңге;

Сәтбаев ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуге – 1504,0 мың теңге;

Қысқы және жазғы автокөлік жолдарын күтіп ұстауға – 7163,0 мың теңге; (жазғы-4300,0 мың теңге; қысқы-2863,0 мың теңге);

Мерекелік іс-шараларды өткізуге – 1000,0 мың теңге;

Әкімшілікғимаратты жөндеу жұмыстарына – 800,0 мың теңгеге жұмыстар атқарылады.

Жезқазған кенті Сәтбаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым қашықтықта орналасқан. Кент құрамына Весовая, Крестовский, Перевалка елді-мекендері және Сәтбаев ауылы кіреді. Жалпы Жезқазған кенті аумағында бүгінгі таңда 7511 (жеті мың бес жүз он бір) адам тұрады. Соның ішінде экономикалық белсенді тұрғындар саны 5117 адамды құрайды.
Қоғамдық тәртіпті кенттік полиция бөлімі қадағалайды.
Сәтбаев қаласы және кенттің елді-мекендері арасындағы қоғамдық автобус қатынасы KM «Logistic» ЖШС-мен № 1 автобус маршруты арқылы жүзеге асырылады. Жүру интервалы – 20 минут.
Кентте барлығы 338 мүгедек адам бар. 140 мүгедек адамға және 35 көп балалы аналарға қоғамдық көлікте тегін жүру билеттері берілді.
Кент аумағында 4 мектеп бар. Жезқазған кентінде орналасқан № 2 мектепте – 371 оқушы, Весовая елді-мекеніндегі № 10 мектепте – 157 және № 12 мектепте  – 289 оқушы, Сәтбаев ауылындағы № 17 бастауыш мектебінде – 6 оқушы білім алады.
Жезқазған кентінде М.Құлышева атындағы аймақтық отбасы түріндегі балалар үйінде 48 бала, “Бөбек” соматикалық шипажайында – 50 бала, “Нұр” туберкулезге қарсы балалар шипажайында 50 бала ем алады.
Кенттегі жасөспірімдер спорт мектебінде барлығы 820 бала, кентте 100 бала  бокс, күрес, таэквондо, теннис, баскетбол, волейбол секцияларына қатысып, денсаулықтарын шынықтырады.
Жергілікті тұрғындарға медициналық көмекті Сәтбаев қаласының консультативтік-диагностикалық емханасының филиалы жүзеге асырады. Бұнда  10 адам жұмыс істейді.
Весовая елді-мекенінде № 2-ші музыка мектебі орналасқан. Онда 127 бала әртүрлі үйірмелерге қатысады. Жезқазған теміржол мекемесіне қарасты 250 орындық клуб халыққа қызмет көрсетеді. Клубта  «Самоцветы»  хоры ұйымдастырылған.
Осы елді-мекенде 1140 оқырманы бар отбасылық кітапхана орналасқан. Кітап қоры – 41 мың дана.
Кенттің экономика саласы
Жезқазған кентінде және іргелес жатқан елді-мекендерде 38 дүкен, 1 монша, 2 наубайхана, 3 шаштараз, 3 дәріхана және 3 дәмхана жұмыс істейді. Жезқазған кентінде 17 дүкен, Весовая елді-мекенінде – 17, Крестовский елді-мекенінде – 3, Перевалка елді-мекенінде – 1 дүкен бар.
2013 жылдың басынан әр ай сайын  әлеуметтік маңызды азық-түліктердің бағасын қадағалау жұмыстары жүргізіледі.
Ауылшаруашылық саласы
Жезқазған кентінде ауылшаруашылық кітабындағы мәліметтер бойынша 365 ірі қара мал басы, 436 ұсақ мал басы, 35 жылқы,  112 шошқа, 500 құс тіркелген.
Кент әкімінің аппаратымен жылына 2 рет 1 қаңтарда және 1 шілдеде Жезқазған кентінің және іргелес жатқан елді-мекендердің (Весовая, Крестовский, Перевалка, ГРП), Сәтбаев ауылының барлық тұрғын үй қорын шаруашылық бойынша есепке алу жұмыстары жүргізіледі.
Тұрғын-үй коммуналдық
саласы
Жезқазған кентінде және іргелес жатқан елді-мекендерде қоқыс қалдықтарын шығарумен ”Сәт-Тазалық” ЖШС айналысады. Жезқазған кенті бойынша барлығы 55 контейнер алаңшасы бар, осы контейнер алаңшаларына тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін 107 контейнер қойылған.
Жалпы Жезқазған кенті бойынша су құбыры желісінің ұзындығы – 85,3 шақырым, кәріз желілері 44,2 шақырым, су колонкаларының саны 15 дана.
Кенттегі жылутасығышпен жабдықтайтын жылу желілерінің ұзындығы 156,1 шақырым, магистральді желілер 99,08 шақырым, орамдық желілер 57,02 шақырым, оның ішінде, ауыстырылғандар: магистральдік желісі – 245,43 м., орамдық – 201,21 м.
Есқұла жер асты суымен Жезқазған кенті жабдықталған. Весовая, Крестовский, Перевалка елді-мекендері ашық Кеңгір су қоймасынан жабдықтандырылған (2 подъем).
2013-2014ж.ж. жылу беру маусымында 201м жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Сонымен қатар, 260м кварталдық желілер жөндеу жұмыстарынан өтті. Кентте 2 үйдің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды. Суық судың құбырын жөндеу жұмыстары бойынша 4 үй жөндеуден өтті.
Қазіргі уақытта  Жезқазған кенті және іргелес жатқан елді-мекендердің тұрғын үйлеріне, мекемелерге кәсіпорындарға  жылу толығымен жеткізілген.
2013 жылы Жезқазған кентінде келесідей жұмыстар жүргізілді.  Весовая елді-мекенінде жалпы сомасы – 4120,0 мың теңгеге Д.Нұрпеисова көшесі №17 үйдің ауласында 1-ші санатты балалар ойын алаңы орнатылды.
5 контейнер алаңшаларын орнатуға жалпы сомасы – 892,8 мың теңгеге орнату жұмыстары атқарылды.
Жалпы сомасы 3426,0 мың теңгеге елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Автокөлік жолдарын қысқы және жазғы уақытта күтіп ұстау жұмысын қамтамасыз ету үшін 8402,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
Сондай – ақ, жалпы сомасы 3602,0 мың теңгеге аулаларды жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, кенттегі көше бойындағы электр жарығын электр энергиясын үнемдеу шамдарына ауыстыру жұмыстары атқарылды.
Сәтбаев ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуге жалпы сомасы 795,0 мың теңге бөлінді. 2013 жылдың 15 ақпанындағы Сәтбаев ауылында Сәтбаев қаласы әкімінің есеп беру кезінде ауыл тұрғындарынан ауыз суды аптасына 2 рет тасу туралы өтініштердің түскеніне байланысты, жергілікті бюджеттен 514,0 мың теңге қосымша қаражат бөлінді.  Қазіргі уақытта Сәтбаев ауылына ауыз су аптасына 2 рет жеткізіледі.
Контейнер алаңшалары аймағын күтіп ұстау, рұқсат етілмеген  қоқыстар  шығару үшін жалпы сомасы 1231,1 мың теңгеге жұмыстар жүргізілді.
Көше жарығын күтіп ұстауға 737,0 мың теңге бөлініп, жарықтандыру бойынша  жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, 155,7 мың теңгеге Весовая елді-мекеніндегі көше бойындағы тұрақтарға «Тюльпан» шамшырақтары орнатылды.
Весовая елді-мекеніне 2 «Панно» және 1 «Грибок» жарнама щиттерін  орнату жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.

2014 жылы Жезқазған кенті және іргелес жатқан Весовая, Крестовский, Перевалка
елді-мекендерде атқарылатын жұмыстар
2014 жылы кенттің әлеуметтік-экономикалық, тұрғын үй коммуналдық мәселелерін жақсарту үшін келесі жұмыстар атқарылады. Яғни:
Елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға  3271,0 мың теңге;
Контейнер алаңшаларын орнатуға – 1400,0 мың теңге;
Елді-мекендерді жарықтандыру бойынша шамшырақтарды орнатуға – 4139,0 мың теңге;
Балалар ойын алаңдарын күтіп ұстау және жөндеуге – 500,0 мың теңге;
Елді-мекендерді санитариямен қамтамасыз етуге – 2555,0 мың теңге;
Сәтбаев ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуге – 1504,0 мың теңге;
Қысқы және жазғы автокөлік жолдарын күтіп ұстауға –  7163,0 мың теңге; (жазғы-4300,0 мың теңге; қысқы-2863,0 мың теңге);
Мерекелік іс-шараларды өткізуге – 1000,0 мың теңге;
Әкімшілік ғимаратты жөндеу жұмыстарына – 800,0 мың теңгеге жұмыстар атқарылады.

Комментарии закрыты.