Кұрметті оқырмандар!

«Шарайна» газетінің редакциясы Сәтбаев қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп «Мәңгілік Ел тілі» атты байқау өткізуді қолға алып отыр. Байқауға қатысушылардың жас мөлшері 15-тен жоғары және Сәтбаев қаласы мен оған қарасты елді мекендердің тұрғыны болуы керек.

Материалдар қазақ тілінде жазбаша және электронды нұсқауда редакцияға тапсырылуы тиіс. Көлемі – 14 қаріппен терілген А4 форматты 3 беттен аспауы керек. Байқаудың тақырыбы айтып тұрғандай, мемлекеттік тілді дәріптеп, насихаттаумен қатар, қазақ тілі төңірегіндегі өзекті мәселелерді көрсететін материалдың жанрына шек қойылмайды.

Жарияланған материалдардың қорытындысы Тілдер мерекесі қарсаңында шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Байқаудың басты демеушісі – мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Толық ақпаратты 3-47-15 телефоны арқылы алуға болады.

Комментарии закрыты.