Жаңа жылдағы алғашқы отырыс

Өткен аптада қала әкімі Әнуар Омардың төрағалық етуімен қала әкімдігінің кезекті отырысы өтіп, оған әкімдік мүшелері мен мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қаланың тыныс-тіршілігіне байланысты 11 мәселе қаралды. Алғашқы қаралған «2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» сұрақтың қаулысымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Әпеков таныстырды. Қаулыда «Сәтбаев қаласы бойынша 2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 500 адам есебінде айқындалсын және қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың жалақысы Қазақстан Республикасының Заңнамасымен 2014 жылға белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін» деп көрсетілген.

Одан әрі «Сыртқы жарнама (көрнекі) нысандарын орналастыруға рұқсатнама беру», «Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2010 жылдың 28 шілдедегі №17/10 «Құқық бұзушылықтың алдын алу комиссиясы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу», «Жер телімдеріне уақытша өтеулі жерді пайдалану құқықтарын беру», «Жер телімінің нысаналы мақсатының өзгеруі», «2003 жылғы 30 қаңтардағы №4-19/1 Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Жер учаскесін қайтарып алу және беру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу», «Кәмелетке толмағанға қорғаншы тағайындау» туралы күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты мәліметтер тыңдалды.

Әкімдік мүшелері барлық қаралған сұрақтарға орай енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді ескеріп, тиісті қаулылар қабылдады.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.