Дәнекерлеу жұмысындағы ережелер

Дәнекерлеу жұмыстары күнделікті күн тәртібі бойынша және барлығына бірдей арнайы ережелер бойынша жүргізілетіні анық. Сондықтан, дәнекерші немесе басқа да отпен қыздыру арқылы жұмыс істейтін жұмыскерлер жұмысты бастар алдында техника қауіпсіздігімен қатар, өрт қауіпсіздігі ережелеріне толыққанды көзбен қарағаны жөн. Дәнекерлеу жұмысы кезінде темірдің қызып ұшқан немесе балқып аққан ұшқындарынан бір-екі сағат ішінде болып жатқан өрттер аз емес.

Дәнекерлеу жұмысына арнайы өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережені оқыған, сол жөніндегі арнайы төлқұжаты бар жұмыскерлер жіберілуі тиіс. Сонымен қатар, дәнекерші жұмысына арнайы жазбаша рұқсат қағазын алғаннан кейін және жұмыс орнына өрт сөндіру құралдарын жеткізіп болғаннан кейін кірісуі қажет. Жұмысқа кірісер алдында дәнекерші өзінің жұмыс істейтін дәнекер трансформаторларын, жұмыс кезінде қолданылатын сым желілері мен генераторларын тексеріп, олардың тоққа ереже бойынша жалғанғанын толыққанды қадағалауы қажет.

Дәнекерші жұмысы аяқталғаннан кейін жұмыс орнын толық тексеріп шығып, маңайындағы жанғыш заттарды сумен шайып, өрт шығу салдарынан сақтануы қажет.

Ж.Атабаева, № 57 ӨСБ өрттің алдын алу тобының нұсқаушысы.

Комментарии закрыты.