Рұқсат беру тәртібі

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi габаритті көлiк құралдарының (шетелдердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру мемлекеттік қызметін отандық тасымалдаушы үшін – www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы, сондай-ақ балама негізде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арқылы, ал шетелдік тасымалдаушы үшін – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін шетелдік тасымалдаушы уәкілетті органда белгіленген нысан бойынша өтінішті толтырады және жүктің бөлінбейтіндігін растайтын құжаттарды қоса ұсынады. Ал, отандық тасымалдаушы ХҚКО-да белгіленген нысан бойынша өтінішті толтырады және жүктің бөлінбейтіндігін растайтын құжаттарды қоса ұсынады; порталда жүктің бөлінбейтіндігін растайтын құжаттарды қоса отырып, электрондық құжат нысанында сұрау салуды толтырып жолдайды.

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі және мемлекеттік алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым ставкалары бойынша республикалық бюджетке төленеді.

Мемлекеттік қызмет шетелдік тасымалдаушы уәкілетті органға жүгінген кезде өтінішті берген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі, ал отандық тасымалдаушы ХҚКО бөліміне жүгінген кезде белгіленген үлгідегі өтінішті қарау мерзімі – уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні (орындалған құжаттарды ХҚО жеткізуге кеткен 2 күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), арнайы рұқсатты беру мерзімі – уәкілетті органға төлем құжаты келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні (орындалған құжаттарды ХҚО жеткізуге кеткен 2 күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) болып табылады.

Э.Саржанова, ХҚКО инспекторы.

Комментарии закрыты.