Бірінші орынмен оралды

20140207-05-2Қаңтар айының соңында Павлодар қаласында грек-рим күресі бойынша «Еңбегі сіңген жаттықтырушылар Иван мен Сергей Ярмоленколардың XVII Мемориалы» атты халықаралық турнир өтті.

Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырған сайыста Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен келген барлығы 450-ге жуық жас палуандар күш сынасты.

Спортшылардың дайындықтарын тексеріп, оларды басқа да халықаралық жарыстарға іріктеу мақсатында өткізілген белдесуге Сәтбаев қаласынан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Рахымжан Мақтабаев, Самат Яханов және Асылбек Әбіхалық қатысып қайтты. Қаламыздың намысын қорғаған бұл спортшыларды жаттықтырушылар Нұрсұлтан Тушенов пен Амантай Байторин дайындады.

Жарыс қорытындысына сәйкес, 30 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз, №2 орта мектептің оқушысы Рахымжан Мақтабаев таза жеңіске жетіп, І орынды қанжығасына байлады. Барлық қатысушылар мен олардың жаттықтырушыларына Грамоталар, Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.