Талантты тәрбиеші

20140207-05-3Қарағанды қаласында «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілері арасында IV облыстық сайыс өтті.

Байқау міндеттері мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын талантты педагогтарға қолдау көрсету және айқындау, тәрбиешінің шығармашылық талабын дамыту, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, тәрбиеші мамандығының мәртебесін көтеру болды.

«Мектепке дейінгі ұйымдағы талантты тәрбиеші» атты байқауға облысқа қарасты қала-аудандардан барлығы 54 тәрбиеші қатысты. Сәтбаев қаласынан бұл жарыста №31 «Чебурашка» балабақшасының ІІ санатты тәрбиешісі Меруерт Әжібаева бақ сынап, ІІІ орынды иеленіп қайтты.

– Сайыс мамандыққа байланысты еңбек өтілін ескере отырып, екі топқа бөлінді. Еңбек өтілім екі жыл болғандықтан, мен 1-10 жыл аралығындағы топта болдым. Байқау шартына сәйкес, өзін-өзі таныстыру кезеңінен өткеннен кейін, мен алдын ала дайындаған жобамды қорғадым. Бұл кезеңде қазылар алқасын «Ертегінің бала тәрбиесінде үйретері көп» тақырыбындағы жобамның мақсатымен таныстырып, балабақша жұмысын дамытуға бағытталған жоспарларыммен бөлістім, – дейді Меруерт Пауеденқызы.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.