Мәңгілік ел мұрағаты

Жылқы жылы Елбасымыздың қаңтардағы Қазақстан-2050: «Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты Жолдауымен басталды.

Президентіміз биылғы Жолдауында негізінен 7 басымдыққа айрықша мән беріп, 8 ұлттық идеяны көтерді.

Оның ішінде «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» деген 6-шы идеяға тоқталсақ. Тарих, мәдениетпен мұрағат қатар жүреді. Мұрағат арқылы біз өткен тарихымызды зерделей аламыз. Қазақстанды Мәңгілік Елге айналдыруға күш жұмсасақ, мұрағат та мәңгілік сөзіне тұспа тұс келеді. Өйткені, мұрағаттағы құжаттар мәңгілік сақталады. Одан біз ел тарихының алғашқы қадамдарынан бастап мәңгілік елге айналғанға дейінгі кезеңді тарихи деректер арқылы көре аламыз.

Мұрағат қызметкерлері ұйымдастырған дөңгелек үстелде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы бойынша мәселелер қызу талқыланды. Қазір әлемнің көптеген елдерінде тұрақсыздық жағдайы кең таралып жатқанда Орта Азия елдері ішінде Қазақстанды саяси, экономикалық діни тұрақтылықты сақтап қана қоймай, дамуы қарқынды алға басып келе жатқан ел деуге болады.

Мұрағат қызметкерлері тек қана құжаттармен ғана айналыспай қаланың қоғамдық-мәдени, саяси іс-шараларына да белсене атсалысады. Қызметкерлердің аз құрамына қарамай көптеген ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Құжаттарды сақтаумен қатар, қолдарынан келгенше жазбаша мұрағаттық тарихи жинақ, кітап шығарумен айналысуда.

Бүгінгі күн ертеңгі тарих беттері болып ашылады. Соның бәрін ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін мұрағат құжаттарының маңызы мен мағынасы зор екенін ұмытпау қажет.

А.Сырманова, Сәтбаев қаласының мемлекеттік мұрағаты мұрағатшы.

Комментарии закрыты.