Қолдау – патриоттық борышымыз

Жастар білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін ойластыруы қажет. Олар ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанды – дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті – қалыптастыруды белсенді жалғастыруы тиіс. Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жаңа Жолдауында жастарды қолдау тетіктеріне тағы бір тоқталып өтті.

Елбасы тапсырмасымен биылғы жылы Мемлекеттік жастар саясаты туралы жаңа заң қабылданбақ. Аталмыш заңда жастарды әлеуметтік қолдауды жетілдіруге бағытталған жаңа нормалар қабылданса, бұл «Қазақстан 2050» Стратегиясының бұдан әрі жүзеге асырылуы деп білемін.

«Жастар – ел болашағы» демекші, еліміздің туын биікке көтеріп, өскелең ұрпақтың болашағын ойлау жастардың еншісінде болып отыр. Тәуелсіздік жылдары Елбасымыздың арқасында еркін ойлы жаңа жас қазақстандықтардың буыны қалыптасты. Сол себепті, бүгінгі Жолдауға қолдау көрсету барша қазақстандық жастардың патриоттық борышы деп білемін.

Жолдау Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясы аясында алдағы 6 жылда атқарылуға тиісті негізгі басымдықтарды белгілеп, жаңа міндеттерді айқындап отыр. Бұл міндеттерді баршамыз бір ел болып жүзеге асыруымыз тиіс. Жолдаудың да басты мақсаты осы!

Асхат Әбдіқадыров, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты, Сәтбаев қалалық филиалы атқарушы хатшысының м.а.

Комментарии закрыты.