Баға қадағаланады

Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов сейсенбі күні брифингте журналистерге инфляция деңгейі қадағалауда болатынын, Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп инфляцияны 6% деңгейінде сақтап қалу үшін жұмыс істейтінін айтты.

«Мұндай өзгерістер кезінде халықтың көкейінде сандаған сұрақ туындайды, мен Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп инфляция деңгейін 2014 жылы 6-8% көлемінде сақтап қалуға тырысатынын айтқым келеді. Яғни, біз негізгі азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттамауын қадағалаймыз», — деді Ұлттық банк басшысы.

ҚР Ұлттық банкі теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, валюталық интервенциялардың көлемін азайтудан, теңгенің айырбас курсын құру процесіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Ұлттық банк теңгенің жаңа бағамында 1 АҚШ доллары 185 теңге төңірегінде болады деп есептейді.

Сондай-ақ, Қ.Келімбетов Ұлттық банктің валюта айырбастау пункттер жұмысын бақылауда ұстайтындығын және олардың жаңа валюта бағамы бойынша алыпсатарлықпен айналысса қатаң жазаланатындығын мәлім етті.

Комментарии закрыты.