Ата-аналар талқылады

Өткен аптада №27 орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Бектібаеваның ұйымдастыруымен ата-аналар арасында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халқына Жолдауын талдауға арналған жиын өтті.

Жиын мектеп басшысы А.Аманованың кіріспе сөзімен ашылды. Өз сөзінде Алма Сұлтанқызы Елбасы Жолдауы атқарылатын жұмыстардың жөн-жобасы айқындалған тарихи құжат екендігіне және «Қазақстан – Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңыздылығына тоқталды.

Жиналғандар алдында тарих пәні мұғалімдері Ж.Құлманов пен Г.Бектібаева Елбасы Жолдауына шолу жасап, маңызды тұстары туралы егжей-тегжейлі баяндап шықты. Ж.Құлманов Жолдаудағы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының жеті басым бағыттарына тоқталып, Үкіметке жүктелген он бес маңызды тапсырма жайлы айтып берді. Г.Бектібаева білім беру саласын одан әрі жетілдіру, инновациялық-ақпараттық оқыту технологияларын енгізу, заманауи орта және жоғары білім беру аясын кеңейту, ғылымның рөлін көтеру Елбасымыздың биылғы Жолдауында нақты тапсырмалармен бекітіліп, орындалу жоспары айқындалғанын айтты.

Жиынға келген ата-аналар да Жолдауды қолдап, өз пікірлерін ортаға салды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.