Насихат жұмысы жалғасуда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі қағидаларын талқылау мақсатында қалада құрылған арнайы ақпараттық-насихат тобының мүшелері өткен аптада №2 «Лекерова» отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының ұжымымен кездесті.

20140221-03-3Құрамында Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешіттің наиб имамы Сенбіғали Нұрғалиев және «Қазақмыс» корпорациясына қарасты технологиялық колледждің оқытушысы Күлзада Оралбаева бар ақпараттық топ жиналғандарға биылғы Жолдаудың басты бағыттарын түсіндіріп, оның маңыздылығына тоқталды.

– Дін – адамзат тарихымен бірге жасап келе жатқан ортақ құндылық, мәңгілікке жетелейтін қастерлі де қасиетті ұғым. Дін насихатпен таралады. Мешіт имамдарының ең негізгі міндеті – Ислам құндылықтарын халыққа жеткізу. Сонымен қатар, өз басшысына бойұсынып, оған қолдау көрсетудің қажеттігін дәлелдейтін хадистерге сүйеніп Елбасының Жолдауын насихаттау. Үгіт-насихат ұғынықты тілмен жан-жақты әрі мазмұнды айтылса, тыңдаушысының жүрегіне жетіп, баурап алары сөзсіз, – деді наиб имам.

Сонымен бірге, Сенбіғали Нұрғалиев өз сөзінде ел бірлігін сақтау керектігін, дінде зорлық-зомбылық жоқ екендігін айтып, жастардың діни сауатын көтеру жөнінде әңгіме өрбітті. Өз кезегінде ақпараттық-насихат тобының мүшесі Күлзада Оралбаева Жолдаудағы көтерілген мәселелерге жан-жақты тоқталып, оларды іске асыру жолдарын жеткізді.

– Ұлт көшбасшысының биылғы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін нақты іс-жоспарларға құрылған стратегиялық маңызы зор құжат. Бұл 2050 жылға дейінгі да­му жолымызды айқын­дайтын нақ­ты тап­сыр­малардан тұратын бағдар­лама. Еліміздің кез келген азаматы еңбегімен, өмірдегі тәжірибесімен тәуелсіз елдің өсіп-өркендеуіне өз үле­сін қосуы керек. Ең маңыздысы – 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіріп, экономикасы қуатты, дамуы тұрақты елге айналу. Біздің алдымызда осыны заң жүзінде нақты шешімдерге айналдыру міндеті тұр. Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы – еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік өміріндегі ерекше оқиға, – деп аяқтады жиынды Күлзада Оралбаева.

Осындай кездесулер №№ 3, 16 орта мектептерде жалғасын тапты.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.