Қазақстан-достықтың мекені

Елбасымыз Н.Ә Назарбев Республика халықтарының ұлтық байлығы Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «ҚР халықтардың Тілдер күні » деп жариялаған.болатын.

Жыл сайын бұл мереке еліміздің жер-жерінде мәдени шараларға толы апталыққа ұласуда.Біздің мектебімізде мұндай іс-шарадан қалыс қалған жоқ

Әр бірлестікте сынып сағаттары ұйымдастырылды. Қ.Н.Айранбаеваның, Г.Б.Ақышбекованың «Қазақстан -достықтың мекені» тақырыбындағы сынып сағаттары , Қазақстандағы Германия жылын атап өту мақсатында Ж.Боранбева мен Ж.Бекмұханның ұйымдастыруымен өткізілген « Германия еліне саяхат» атты іс-шарасы, «Азамат» өзін-өзі басқару орталығының ұйымдастыруымен (Үсенбаева И) «Сөз мергені» танымдық ойыны, М.Ш.Сулейменованың ұйымдастыруымен жүргізілген «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте » тақырыбындағы зияткерлік ойыны оқушыларды туған тілін құрметтеуге баулитын іс-шаралар болып табылды.

Мектеп кітапханасында үздіксіз жұмыс істейтін «Ана тілім-ажарым, асыл мұрам» тақырыбындағы ана тіліне арналған бұрыш жаңа материалдармен,оқушылардың шығармаларымен толықтырылып, «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы талқыланды

Орта буын оқушылары туған тілге деген құрметтері мен сүйіспеншіліктерін «Тілдер әлемінде» тақырыбындағы мерекелік қабырға газеттерінде жариялау арқылы жеткізе білді.

Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің қорытындысы ретінде 5-6 сынып оқушылары арасында «Бір шаңырақ астында » атты фестиваль болып өтті. Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің тарихымен, салт-дәстүрімен таныстырған оқушылар сол ұлттың киімдерін киіп,өнерін нақышына келтіре орындады.

Әр ұлтты балалар арасындағы жолдастық , достық, ұжымшылдық көзқарастарын қалыптастыру мақсатында өткізілген бұл іс-шара өзге ұлт өкілдерін сыйлаумен қатар өз тілінде таза да еркін сөйлеуге бағытталды.

Кеш соңында жақсы өнерімен көзге түскен сыныптар мақтау қағазымен марапатталды.

№16 жалпы білім беретін орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Р.М. Есенбаева

Комментарии закрыты.