Құрметті редакция!

Менің хат жазып отырған себебім, 7 ақпанда шыққан «Тойлап жүрміз-ау, ойлап жүрміз бе» атты мақаланы жазған Көбейсін бауырыма мың да бір алғысымды айтқым келді.

Бұл көпшіліктің көкірегінде жүрген ой. Мен де өз пікірімді айтсам деп едім. Мақаладағы сын сөздердің бәрі рас. Оқыған адамға өте ой салатын, әсіресе, қазіргі біздің асабаларымызға оқытатын екен. Олар – жас, өмірден әлі ештеңе үйренген жоқ, баяғы жаттанды сөздерді айтып той басқарған болады. Кейде, тіпті, анайы әзілдер айтып, ұялтады. Той үстінде отырған соң, амал жоқ үндемейсің. Басқару тәсілдері бірінен бірі жаттап алғандай, өзгеріс, жаңалық енгізбейді. Сондықтан болар, олардың сөздерін де, тілекті де ешкім тыңдамайды, ешқандай қазақы иіс жоқ. Көбейсін бауырым айтқандай, «өзгенің сасығы бізге таңсық» демекші, жастар кім болса содан үйреніп жатқан сияқты. Айта берсе сөз көп. Айтылмаса сөз жетім деген. Айту керек, мен қазақпын деген адам осыған ой жүгіртіп, атсалысуы керек. Біздің келешегіміз, болашағымыз – жастар, солар уланбай өз тілін, салт-дәстүрін білсе екен, үйренсе екен деген аналық тілегім.

Балдырған Мырзатова, Сәтбаев қаласының тұрғыны.

Комментарии закрыты.