Кезекті кеңейтілген отырыс

20140228-02-2Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан 22 дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасы жастар құрамасының мүшесі, №15 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы Рима Кашафутдиноваға Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылдың 19 желтоқсанында №471 бұйрығымен жеңіл атлетикадан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы берілген болатын. Сол марапаттың куәлігін және ақшалай сыйлықты қала әкімі Әнуар Омар Римаға салтанатты түрде табыс етті.

Отырыста одан әрі қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты бірінші басшылардың ақпараттары тыңдалды.

Жылу стансасы штаттық кестеге сәйкес жұмыс істеуде, отын қоры жеткілікті.

Бағаны тежеу бойынша жұмыс жалғасуда. Меморандумға сәйкес бекітілген 210 дәрілік заттардың тізімдері дәріханаларға ілініп, қадағалануда. Әзірге өсу байқалған жоқ.

Ішкі істер бөлімінің басшысы Ж.Жақаевтың хабарлауынша, ұсақ бұзақылық жасау өсіп тұр, яғни өткен аптада 29 оқиға тіркелген.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Г.Жалмурзина туберкулезбен ауырған 2 адамның, 1 белгісіз ит тістеу оқиғасының тіркелгенін айтты. Сондай-ақ, Ұлытау көшесі бойындағы өндірістік аймақта жарылған кәріз құбыры қалыпқа келтірілді.

Аппараттық жиында Сәтбаев қаласы бойынша суда құтқару стансасының атқарған жұмысы туралы мекеме басшысы Н.Байзақов есеп берді.

Отырысты қорытқан қала басшысы алдыңғы тапсырмаларға шолу жасап, жаңа міндеттер жүктеді.

(Өз тілшіміз). Суретті түсірген М.Смағұл.

Комментарии закрыты.