Ел – таңбасымен айбарлы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі қалалық комиссияның биылғы жылғы алғашқы отырысы өтті. Аталмыш комиссияға әкім орынбасарының міндетін атқарушы С.Имамбай төрағалық етіп, жүргізді. Отырысқа комиссия мүшелерінің үшеуі қатысқан жоқ.

Күн тәртібіндегі «Жалпы білім беру мекемелерінде мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау жұмысы туралы» мәселеге орай, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Г.Хасенованың баяндамасы тыңдалды.

Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде мемлекеттік рәміздерді қолдану жағдайы қанағаттанарлық, патриоттық бұрыштар талаптарға сай безендірілген. «Өлкетану» курсында, тарих сабақтары мен сынып сағаттарында лексикология, геральдика ұғымдары түсіндіріліп, Ұлттық рәміздердің шығу тарихы, олардың авторлары жөнінде мектеп оқушыларына толық мағлұматтар беріледі.

ҚР Мемлекеттік рәміздері салтанатты жиындар барысында қолданылып, 1-11 сынып оқушыларымен дүйсенбі сайын Мемлекеттік Әнұран орындалады. Мемлекетіміздің рәміздерін білу, құрметтеу мақсатында викториналық ойындар, сурет байқаулары, конференция, ашық сабақтар, шығармалар сайысы, ізденіс ойындар үнемі өткізіліп тұрады.

Жастардың бойында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеп, насихаттау жұмыстары барысында балалар мен жасөспірімдердің «Жас Ұлан», оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары тартылған.

Комиссияның қарауына ұсынылған екінші мәселе – «Колледж оқушылары арасында мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және отансүйгіштік сана қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысы туралы» болды.

Бұл сұраққа байланысты индустриалдық колледж директоры Қ.Қоңыров, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Технологиялық колледж директоры Е.Букашкина және «Денсаулық» медициналық колледжі директорының міндетін атқарушы М.Кәкенова хабарлама жасады.

Аталған білім ошақтарында ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау жұмыстарын жүргізуге толық жағдай жасалған. Ұлттық рәміздерді сатып алу, орналастыру, қолдану тәртіптері сақталған.

Осы комиссияның хатшысы К.Сағындықова барлық білім мекемелерінде мемлекеттік рәміздерді қолдану жағдайының талапқа сай екендігін айта келе, іс-шараларды тартымды, қызықты өткізу жолдарын қарастыруды, жаңашылдық енгізуді ұсынды.

«Туымыз көкпен талассын,

Оған Елтаңбамыз жарассын,

Әнұранымыз қыр ассын»

десек, еліміздің патриоты болып, рәміздерімізге аса құрметпен қарайық.

М.Жаппасбаева, комиссия мүшесі.

Комментарии закрыты.