Аналарға арналды

Балаларды саналы, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы, асыл мұраты.

Абай атындағы № 4 мектеп-лицейінде мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығын арттыру мақсатында Қазақстанның қоғам қайраткері, «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы, «Өзін- өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы Сара Назарбаеваның туылған күніне арналған» Алтын жүректі ана» атты апталық өткізілді. Онда бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен« Әр бала – жұлдыз», «Бұлақ көрсең көзін аш» атауларымен ата-ана мен оқушының бірлескен қол өнер көрмесі, оқушылар шығармашылығы, ән байқаулары болып өтті.  «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың бас ұстазы — ата-ана» екендігіне тағы да дәлел болған бұл іс-шараға ата-аналар ерекше қызығушылықпен белсене қатысты.

Осындай іс-шаралардың көптеп өтуі ата-ананың педагогикалық білімінің жоғары болуы мен олардың қоғам алдындағы өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады.

Мектептің ата-аналармен табысты қарым-қатынас жасауы баланы тәрбиелеу мен оқытудағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Ботагөз Досанова, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.