Аруларымыз мықтылығын танытты

20140307-05-4Күні ертең барша әлем атап өтетін Халықаралық әйелдер күніне және еліміздің бас партиясы – «Нұр Отанның» 15 жылдығына  орайластырылып сейсенбі күні №16 орта мектепте қыздар арасында волейболдан  турнир жалауын көтерген болатын.

Екі күнге созылған турнирде қаланың барлық мектептері мен индустриалдық колледждің нәзік жандылары  өздерінің мықтылығын танытты.

Спорттық сайысқа түскен  арулардың ішінен жүйрігін анықтау төрешілерге оңай болмады.

Салауатты өмір салтын насихаттауға негізделген турнирдің қорытындысында ІІІ орынды индустриалдық колледждің командасы еншіледі. ІІ орынға №27 орта мектептің арулары табан тіресе, І орынды №16 орта мектептің командасы қанжығалады.

Турнирді ұйымдастырған қалалық жастар ресурстық орталығының тағайындаған бағалы сыйлықтарын жеңімпаздар  «Нұр Отан» партия-сы Сәтбаев қалалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңбырбай Дәрібаевтың қолынан алды. Сондай-ақ, спорт жарысында үздік ойын көрсеткен бірнеше қыздар «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Үздік тосқауылшы», «Үздік қорғаушы» номинацияларын иеленді.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.