Отан ортақ — тағдыр ортақ

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселесі бойынша «Татулық тұтқасы – бірлікте» тақырыбында отырыс өткізілді. Отырысқа басқарма басшысы Б.Шәкенов төрағалық етті. Операциялық топтың бас қазынашысы О.Қалиева осы тақырыпта баяндама жасады.

Басқарма басшысы Б.Шәкенов Ұлт Бірлігі Доктринасы – халықтың уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні. Доктринаның қажеттілігі өмірдің өзінен, біздің жалпы тағдырымыздан, тарих логикасынан туындап отыр. Өйткені, бірліксіз – Ұлт жоқ. Ұлтсыз – мемлекет жоқ. Ал, мемлекетсіз – болашақ жоқ деп Елбасы атап өткендігін айтты.

О.Қалиева біздің ұлттық бірлігіміз, этникалық шығу тегіне қарамастан, әрбір адамның жоғары деңгейде Қазақстанмен және оның болашағымен етене бірігуіне негізделген. Қандай да бір елдің азаматы болу – әр адамның тағдыры. Алайда, адамдар әрқашан таңдау құқығына ие, ал біз өз таңдауымызды жасадық. Біздің таңдауымыз терең дара сипатта, осы таңдау біздің барлығымызды отандастар етеді. Себебі, біздің ортақ еліміз, ортақ Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Бір мемлекетте тұрып, өзге елдің заңына бағынбау, азаматтың барлық құқығына ие бола отырып, оның міндеттерін орындамау мүмкін емес. Құқықтар мен міндеттердің мұндай бірлігі біздің тағдырымызды да, болашағымызды да бір арнаға қосады. Ортақ болашағымызды бірлесе қалыптастырмай тағдырласа өмір сүру мүмкін емес деп Елбасы атап өткендігін айтты. Сондай-ақ, елдің егемендігі, оның территориялық тұтастығы, қауіпсіздігі, экономикалық дамуы, қоғамдық келісімі – біздің бірлескен еңбегіміздің нәтижесі екенін айтып өтті.

Өз кезегінде басқарма қызметкерлері біз бір Отанның ұлдары мен қыздары екенімізді, ал біздің Тәуелсіздігіміз – сан ұрпақтың орындалған арманы, халқымыздың ерен еңбегінің, ерлігінің және ерік-жігерінің жемісі екендігін түсінуге тиіспіз. Тәуелсіздік пен байырғы қазақ жерінде құрылған мемлекеттілігімізді дамыту біздің басты құндылығымыз болып табылады деген пікірлерін білдірді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.