Әр тарауы — ел тағдыры

«ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы» тақырыбы бойынша «ҚР АШМ АӨК МИК Сәтбаев қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінде «Нұр Отан» партиясының Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ж.Дәрібаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Мекеме қызметкерлерін Ж.Дәрібаев Жолдаудан туындайтын міндеттермен кеңінен таныстырды.

– Ел дамуының нақты сипатын айқындап берген Жолдаудың әрбір тарауы қазақ елінің тағдырымен тығыз байланысты. «Мәңгілік ел» – ата-бабадан қалған салт-дәстүр, туған жер, туған тіл. Қазақ елі дамудың даңғыл жолына түсті. Бұл ретте Елбасы атап көрсеткен басты он кезеңді бұлжытпай орындау, кідіріссіз өту – алға қойған айтулы мақсаттың бірі. Осыған орай, мен сіздермен ой бөлісіп, Жолдауға байланысты сұрақтар туындаса соған жауап беруге келіп отырмын, – деді Жаңбырбай Әбжәметұлы.

Жолдауды түсіндіру кезінде тұрғындардың әл-ауқаттық тұрмысын жақсарту, азық-түлік сұранысының көлемін ұлғайту және ізденістің түпкі нәтижесіне қол жеткізу секілді басым бағыттар ортаға салынды.

Дөңгелек үстел барысында мекеме басшылары Е.Сәлемов, У.Айтбаев, мекеме қызметкерлері А.Райымбекова, С.Бекетов, А.Абильханова өз пікірлерімен бөлісті. Президентіміздің биылғы халыққа Жолдауының атауының өзі әрбір қазақстандықтың патриоттық сезімін тудырды. Халықтың  бірлігі болса алынбайтын қамал болмайды. Мемлекет құрушы ұлт ретінде өзіміз еңбексүйгіштігімізбен, мәдениеттілігімізбен басқаларға үлгі болуымыз керек,  деді олар.

«Нұр Отан» партиясының Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ж.Дәрібаев мекеме қызметкерлерінің қойған сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша баяндама назарға алынды.

Қалалық аумақтық инспекцияның әрбір қызметкері Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді толық зерделеп, өз жұмысында тікелей басшылыққа алады.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.