Жаңғырудың жаңаша бағыты

Дамудың тың бағдарламаларын айқындаған «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған отыз елінің қатарынан көрінуге бағытталған барлық бағдарламаны жіпке тізгендей етіп айқындап берді. Бүгінгі күнге дейін бізде мемлекеттік мықты жүйемен қатар, келешекке не­гіз­делген дамушы бекем бағыт та қалыптасты.

Елулікті еңсерген, әлемнің отыз елінің қатарына қосылуға ұмтылыс жасаған еліміз үшін биылғы Жолдаудың маңыздылығы сол, сан саланы дамытудың тетіктерін айқындап, экономикалық өсу жолдарын көрсетті.

Қаржы саласының маманы ретінде Жолдаудағы отыздық құрамына енудің кейбір тиімді тұстарына көңіл толады.

Президент «Әлемнің дамыған отыз елінің құрамына ену екі кезеңде жүзеге асырылатын болады» дей келе, осы жылдың мамыр айына дейін инфляцияны орта мерзімді мөлшерден 3-4 пайызға дейін төмендетудің және Қаржы секторын дамытудың кешенді бағдарламаларын әзірлеуді ұсынды.

Әлемді дағдарыс пен қаржылық тапшылық бүйірден қысқан тұста өркендеу мен дамуға даңғыл жол салған қазақ еліне бағыт берген бағдарлама жеті бесжылдықта толық жүзеге асырылатын болса, отыздықтың межесін олжалау да қиынға соға қоймасы анық.

Әсіресе, қаржылық сауаттылық пен ұқыптылықты ескеріп, есемізден ұтылмасақ еліміздің даму деңгейіне кері әсер ететін тосқауыл жоқ.

Халық игілігі мен елдің дамуына құрылған бағдарламаның оң нәтиже беруіне баршамыз біркісідей атсалысқан жөн деп білемін.

Сайын Оспанов, Қарағанды облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы, бас бақылаушы-тексерушісі.

Комментарии закрыты.