Маңызды басқосу

Елбасы әр Жолдауында жастар мәселесіне ерекше назар аударады. Биылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында да жастар саясаты мәселесі мен жас буынның озық білім алуын қамтамасыз ету жайы назардан тыс қалған жоқ.

Осы мәселені талқылау үшін қаламыздағы №16 жалпы орта білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушылары мен жас мамандардың арасында  «Сәтбаев қаласының жастар ресурстық орталығы» директоры Нұрлыбай Наурызбаевтың қатысуымен  «Елбасы Жолдауы – жастардың қолдауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырыста орталық басшысы «Мәңгілік Ел» идеясы, мемлекеттік тіл жайлы сөз қозғап, мамандық таңдау мәселесі мен басқа да қазіргі таңда жастарды толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға жауап беріп, жалынды жастарды білімге, ізденуге,  сапалы білім алуға шақырды. Іс-шара соңында мейман мектеппен екіжақты ынтымақтастық жоспарына салтанатты түрде  қол қойып, мектеп жастарына арнаған тілегін «Тілек кітапшасына» жазды.

Елбасы  «Жаңа ғасырға Қазақстанды сіздер бастап барасыздар» деген  сөзімен бізге, жастарға, зор міндет жүктеп, сенім артып отыр. Сол сенімді ақтап, елімізді көркейтуге бар күшімізді жұмсаймыз!

Самал Советова, мектеп президенті.

Комментарии закрыты.