Жастар – қазақстанның болашағы

20140314-04-1Өткен сенбіде Сәтбаев қаласындағы Кеншілер алаңында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  Жолдауын қолдауға бағытталған «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты акция өтті.

Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі аталмыш шараны әлеуметтік серіктесі «Сары-Арқа-нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірігіп ұйымдастырды.

Акция барысында Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Марал Тілеужанова, «Сары-Арқа-нан» ЖШС директоры Жақия Күнеділов қала және колледж жастарын Елбасы Жолдауын қолдап, оны жүзеге асыру үшін атсалысуға шақырды. Елбасы Жолдауында белгіленген бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында бірігуге үндеп, егемендігіміздің тұғырлы болуы үшін еліміздің әрбір азаматы өзіндік үнін қосуы тиіс екенін насихаттады.

Аталмыш колледжде білім алып жүрген Сәтбаев қаласының бір топ студенттері, «Алға, бас!» жастар театрының мүшелері акция аясында патриоттық әндерді шырқап, «Мәңгілік Ел» атану жолында бар күш-жігерлерін, білімдерін жұмсайтындарын жеткізді. Осы білім ордасында оқып жүрген өзге де өнерлі жастар акция аясында би билеп, өнерлерін ортаға салды.

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.