Қызықты өткен ЕРТЕҢГІЛІК

20140321-02-2Наурыз мерекесі қарсаңында Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» ертеңгілігі болып өтті.

Іс-шараның мақсаты – қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін бүгінгі ұрпақтың біліп, тануына жағдай жасау, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Мерекелік ертеңгіліктің қызықты да тартымды өтуіне біздің ең белсенді «Асыл мұра» үйірмесінің оқырмандары – №1мектеп-гимназиясының 4 «А» сынып, №19 орта мектептің 7 «В» сынып оқушылары зор үлес қосты. Ертеңгіліктің жүргізушілері Әбдікәрім Алан мен Баділбекова Гүлжан, Совет Альбина жиналғандарды бейнеслайдпен таныстырды. Кеш қонақтары «Күн мен Наурыз» деп аталатын сахналық көрініс тамашалады. «Ат қою» көрінісі қойылды. Темірбеков Нұрсұлтан бата тілеп және киіз үйдің құрылысымен таныстырып өтті.

Ән мен жырдан шашу шашқан К.Рахметолла, күмбірлеген күй төккен Н.Темірбеков, мың бұралған биші қыздар А.Мұханова, Ә.Тоқшылық, А.Досмағанбетова, Д. Қабденова, Ж.Орынбасарова көрермен көңілін бір сергітіп тастады.

Ертеңгілік қонақтары «Наурызбен дүние құлпырады» кітап көрмесін тамашалады.

Фатима Дузбаева, балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы.

Комментарии закрыты.