Елбасы идеясын жеткізді

20140328-4-1-120140328-4-1-2Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы халыққа арнаған Жолдауын талқылау мақсатында ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі, Жезқазған аймақтық кәсіподақтар қауымдастығының төрағасы Хансейт Бөлен өткен аптада Сәтбаев қаласы бойынша салық басқармасының ұжымымен кездесті.

Жиынды ашып, жүргізген ақпараттық топ мүшесі Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында көрсетілген негізгі басымдықтарды айта кетіп, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мақсатына тоқталды.

– Ұлт көшбасшысы биылғы Жолдауда «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан – 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» деген болатын. Сондықтан, болашақ дамуымыздың нақты бағдары ретінде көрініс тапқан ұлттық идеяны жүзеге асыру әрбiр қазақстандықтың борышы. Сондай-ақ, Жолдауда басты құндылығымыз – бiрлiгi жарасқан көпұлтты еліміздің ынтымағын нығайта түсу мәселесi де көрініс тапты. Жалпы Елбасының халыққа арнаған Жолдауы қазақстандықтардың мүдделерi мен құқықтарын қорғауға бағытталған құндылықтарды және бірлік пен тұрақтылықты, келісім мен елдің өсіп-өркендеуін мақсат ететін стратегиялық жоспарларды қамтиды, – деді Хансейт Ыбрахымұлы.

Сонымен қатар, ақпараттық топ мүшесі кездесу барысында мультимедиялық технологияларды пайдаланып, жиналғандардың назарына «Мәңгілік ел» идеясының мағынасын түсіндіретін бейнеслайд ұсынды. Өз кезегінде қатысушылар Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміздің жеткен жетістіктері жайында айтып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ойларымен бөлісті. Осы орайда ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі Хансейт Бөлен барлығын Жолдау жүктеген ауқымды міндеттерді орындау барысында аянбай қызмет етуге шақырды.

Қала тұрғындарын саяси маңызды құжатпен таныстыру және оның негізгі бағыттарын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған осындай ақпараттық кездесулер №3 орта мектепте, отбасы түріндегі балалар үйінде және медициналық-санитарлық бөлімдшее де өткізілді.

Марал Шахаева. Суреттерді түсірген автор.

Комментарии закрыты.