Бағдарламаның жүзеге асырылуы бақылауда

Әлеуметтің әлеуетін жақсарту өзекті мәселенің бірі болып саналады. Үкімет тарапынан халықтың хал-ахуалын жақсарту мақсатында бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, жүзеге асуда. Соның бірі – «Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы» бағдарламасы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен 2011 жылы қолға алынған «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы Үкіметтің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 қаулысына сәйкес «Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасы болып қайта бекітілді.

Жүзеге асып келе жатқан үш жылдың ішінде бағдарламаның шапағатын көргендер аз емес. Үш бағыттан тұратын кешенді бағдарламаның негізгі мақсаты – азаматтарды жұмыспен тұрақты қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықтың әл-ауқатын арттыру.

20140404-02-2Бағдарламаның қала бойынша көрсеткіші мен нәтижесін білу мақсатында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Апековты әңгімеге тартқан болатынбыз.

– Бауыржан Талғатұлы, бағдарламаның басым бағыттарына кеңінен тоқталып, былтырғы жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылғы жоспарларыңызбен бөліссеңіз.

– Бағдарламаның бірінші бағыты – инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыссыздарды жұмыс-пен қамтуды қамтамасыз ету. Бұл бағытта ағымдағы жылы қала бойынша 5 жоба ұсынылып, бүгінгі күні 1 жоба бекітілді. Бұл жоба аясында Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы ағымдық жөндеуден өткізіледі. Жобаны іске асыру барысында 22 жұмыс орны құрылып, осы орындардың 50 пайызына, яғни, 11 жұмыс орнына бағдарламаға қатысушы жұмыссыздар орналастырылатын болады. Осыған сәйкес, қазір қажетті мамандықтар анықталып, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамту-шылардың ішінен кәсібіне сай қатысушылар анықталуда.

Бағдарламаның екінші бағыты – ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту бойынша былтырғы жылы екі қатысушыға 4 млн. 800 мың теңге көлемінде шағын несие берілсе, биылғы жылы жеке ісін ашам деп отырған 5 азаматқа 7 млн. 500 мың теңге көлемінде несие берілу жоспарланып отыр.

Үшінші бағыт – жұмыс берушінің қажеттілігі шеңбер-інде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу. Бұл бағыттың бірінші құрамдас бөлігі бойынша 24 адам тігінші, сылақшы-майлаушы мамандықтары бойынша қайта даярлаудан өтті. Қатысушылардың барлығы оқыған мамандықтарына сәйкес тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Өткен жылдың ақпан айында бағдарламаның 7 қатысушысы әлеуметтік жұ-мыс орындарында бір жыл мерзімінде, ал маусым айынан бастап 39 қатысушы жастар тәжірибесі аясында алты ай мерзімде мекемелерде жұмыс атқарды. Ал, биылғы жылы 20 қатысушы 3 ай мерзімінде, кәсіптік оқуға 3 қатысушы 10 ай мерзімінде қайта даярлаудан өтеді. Әлеуметтік жұмыс орындарына да жыл басынан бері екі қатысушы жұмысқа жіберілді.

Осы бағыттың екінші құрамдас бөлігі бойынша 2013 жылы 7 қатысушы 48 пәтерлі тұрғын үйге көшіріліп, тұрақты жұмыспен қамтылды.

– Жастар тәжірибесін молайтуда бағдарламаның аясында қандай жұмыстар атқару мақсаты тұр?

– Биыл жастар тәжірибесіне қатысушы 30 азаматтың техникалық және кәсіптік, орта білім мен жоғарғы білімді аяқтағанынан кейін, бір жыл ішінде іс-тәжірибеден өтуі жоспарланып отыр.

Осы тұста айта кетерлік жағдай, бағдарламаның үшінші бағытының екінші құрамдас бөлігі бойынша 18 және 48 пәтерлік үйлерге қоныстанған азаматтардың күнделікті жұмысқа баруы, бюджетке уақытылы салық және төлемдерді төлеуі, сонымен қатар, тұрғын үйдің жалдау ақысын, коммуналдық қызметтерге төлем жасаулары қадағаланады.

Жалпы алғанда, бағдар-ламаның жүзеге асуы бақылауда.

Сұхбаттасқан Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.