Ш.Айманов әлемінің жауһарын жарқыратты

20140404-05-2-120140404-05-2-2Газетіміздің өткен сандарында қаламызда «Ел іші – өнер кеніші» атты көркемөнерпаздардың фестивалі бастау алғанын сүйіншілей жеткізген болатынбыз. Осыған дейін байқау аясында №1 мектеп-гимназиясы мен №16 орта мектептің ұжымы қалың көпшілікке өз өнерлерін көрсетті.

Өткен жұма күні  Сәкен Сейфуллин атындағы гимна-зияның ұжымы байқауды тақырыптық кеш ретінде ұйымдастырып өткізді.

Кешке КСРО халық артисі, даңқты режиссер, тума талант, дарынды актер Шәкен Аймановтың өлмес мұрасы арқау болды. Биыл қазақ киносының атасы атанған Шәкен Кенжетайұлының ту-ғанына – 100 жыл. Актердің жас буынға өнеге боларлық өмірі мен кино саласында атқарған еңбектері осы кеште тілге тиек етілді. Оның «Махаббат туралы аңыз», «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар Көсе», «Атаманның ақыры» фильмдері – қазақ киносындағы шоқтығы биік туындылар. Ал, оның қанша көрсең де алғаш көріп отырғандай әсер қалдыратын «Тақиялы періште» кинокомедиясының жөні бөлек.

Мектеп ұстаздары осы комедияның желісін сақтай отырып, көрермендерге қой-ылым концерт ұсынды.

Қойылымды дайындау барысында мектеп ұжымының көп ізденіске бой бергені бірден көрініп тұрды. Алматыдан Сәтбаевқа алғаш келген Тайлақты анасы күтіп алып, кеншілердің әсем де сұлу қаласымен таныстырудан басталған көрініс,  анасының ұлына жар іздеуі, Тайлақтың мектепке мұғалім болып орналасып, өз махаббатын жолықтыруы – барлығы көрермен көңілінен шықты. Ұжымның ұстаздары кинодағы ретро әндер мен билерді сахналап, көптің ыстық ықыласына бөленді.

Арнайы құрылған қазылар алқасы да ұжымның өнеріне тәнті болды.

Өнер байқауының шымылдығын хор ұжымының орындауындағы «Қазақстан туралы» ән жапты.

Бір сөзбен айтқанда, мектеп ұжымы Шәкен Айманов әлемінің жауһарын жарқырата көрсетті.

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.