Жәрмеңке – Жұмыссыздарға. Жәрмеңке – Жәрдемші

20140411-02-2Елбасы Н.Ә.Назарбаев  биылғы «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін көтерді. Оның ішінде жеңіл-желпі жұмысқа жарамды азаматтарды жұмысқа орналастыру жайын да басты назарда ұстауды тапсырды.

Бүгінде қала бойынша 4178 мүмкіндігі шектеулі азамат бар.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатындағы іс-шаралардың бірі – өткен аптада қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің  өтуі. Қаламыздағы жұмыссыз жүрген азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың екі қолға бір күрек табуына мүм-кіндік берген жәрмеңкеге қала әкімі Әнуар Омар қатысып, шаһар тұрғындарының арасында жұмыссыздық мәселесін азайту мақсатында дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан жәрмеңкенің жұмы-сына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, мәслихат депутаты, қалалық емхана басшысы Әлия Қоңырова жұмыс беруші мен жәрмеңкеге ынталанып келген азаматтардың мамандықтарына сәйкес жұмысқа орналасуына тілектестігін білдірді.

Бұл күні жәрмеңкеге  21 мекеме қатысып, 101 бос жұмыс орындары ұсынылды.

Жұмыс берушілердің тарапынан мұғалім, дәрігер, психолог маман, техникалық маман, сылақшы-сырлаушы, аула сыпырушыға сұраныс жоғары болды.

Жәрмеңкенің өту барысында кейбір азаматтар өздерінің мамандықтары бойынша жұмысқа жолдама да алып жатты.

– Елімізде жұмыссыз жүрген  және мүмкіндігі шектеулі азамат-тарды жұмыс орындарына орналастыруда жылына бір рет ұйымдас-тырылатын мұндай жәрмеңкенің жөні бөлек. Бірі болмаса, бірінің мамандығына сай жұмыстар да табылып жатыр. Халыққа жәрдемі тиіп отырған жәрмеңкені ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ, –  дейді қала тұрғындары.

Жалпы, жәрмеңкенің қорытын-дысы бойынша 26 қала тұрғыны жұмыс орындарына жолдама алса, 6 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Ал, 13 азамат мемлекеттік «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша қайта оқуға ниет білдірді.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.