Біздің мақсатымыз бір – бірлікте және татулықта өмір сүру

Қазақстан Републикасында көптеген жаңа мерекелер мен есте сақтарлық күндер бар. Бірақ, 18 қазан күні ерекше. Осы мерекенің атауының өзінде екі мәңгі ұғым бар – Рухани және Келісім. Осы екі ұғымның арқасында елімізде тыныштық пен бейбітшілік орнаған. Біз барлығымыз сан түрлі салт – дәстүрлер, сан түрлі діни көзқарастар үйлескен жерде өмір сүреміз. Дегенмен, адамзат тарихы халықтар арасындағы пікір таластар қантөгіске айналған келеңсіз оқиғаларға толы болғанымен, біздің Республикамыздың бірегейлігі ұлтаралық келісімде. Бұл келісімге Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың даналық саясатының арқасында қол жеткізілді. Біздің президентіміздің арқасында біздің күнтізбемізде Қазақстан халқының рухани келісім күні пайда болды.

Қазақстан халқының рухани келісім күні – 18 қазанда Сәтбаев қаласының әкімі Советбек Медебаев кеншілер қаласының аумағында әрекет ететін діни ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Біздің қаламыздағы түрлі конфессия өкілдері арасындағы достық кездесу және сындарлы диалог дастархан басында жалғасын тапты.

Шақырылған қонақтардың арасында — «Қазақстан мұсылмандар рухани басқармасы» діни бірлестігінен Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің имамы – Бақдәулет Абдрахманов, Православ шіркеуінен дьякон – Виктор Мунтян, «Жетінші күн адвентисттері христиандар шіркеуі» діни бірлестігінен — пастор Александр Бондарчук, «Агапе» шіркеуінен — пастор Сергей Самохвалов, Украин грек-католик шіркеуінен – священник Владимир Гридин, Сәтбаев қаласының орталық шіркеуінен – пастор Леонид Пак, сонымен қатар, «Жаңа өмір» Полного Евангелия шіркеуінің басшысы- Айгуль Кдрниязова болды.

Кездесудің басында Сәтбаев қаласының әкімі Советбек Медебаев барлық жиналғандарды мерекемен құттықтады, осы күннің барлық жанжалдар мен қақтығысуларға шек қою Күні, татуласу, мейірімділік және жақыныңа көмек көрсету Күні ретінде бекітілгенін атап өтті. Қала басшысы елімізде тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтап қалу үшін, біз барлығымыз қоғамымыздың діни-танымдық жағдайы бойынша бірге жұмыс атқаруымыз, жастарды ешқандай жалған құндылықтар оларды тура жолдан тайдырмайтындай етіп тәрбилеуіміз керек екенін айрықша атап көрсетті. Бүгінгі күн барлығымызды бірігуге шақырады, өйткені, біздің мақсатымыз бір – татулықта және бірлікте өмір сүру.

Бұдан кейін құттықтау сөзбен жиналғандарға орталық мешіттің имамы – Бақдәулет қажы Абдрахманов шықты. Ол өз сөзінде дүние жаратылысының басында адамдар үнемі түрлі қателіктер жасаған, бірақ, біз түрлі діни конфессия өкілдерінің арасындағы өзара құрмет және өзара түсінушіліктің түйіскен нүктесін табу үшін жиналып отырғанымызды атап өтті.

«Агапе» шіркеунің пасторы – Сергей Самохвалов бірнеше көкейтесті тақырыптарды талқыға салды. Бұл артып келе жатқан балалар және жасөспірімдер қылмысы, мектептегі және отбасындағы тәрбие мәселесі, жастардың және өскелең ұрпақтың рухани – танымдық білімі және өзге де мәселелер.

Кездесудегі барлық қатысушылар түрлі діни бірлестік өкілдерінің бірлесе жұмыс атқару қажет екендігі жөніндегі ұсынысты бір ауыздан қабыл алды. Ал бұл үшін, осындай кездесулерді, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б. жиі ұйымдастыру қажет. Жиналған мәселелерді шешу жолын табу қажет. Өйткені, өзара түсінушілік, ізгі ниетшілік, келіссөздер кез-келген мәселелерді реттеудегі негізгі қағидалар болып табылады.

Конфессия аралық келісімнің ролі туралы кездесудің барлық қатысушылары сөз етті. Біздің сан түрлі ұлтты мемлекетімізде өмір сүретін кез-келген адам қандай дінді ұстанса да, ол адам рухани бай болуы қажет деген пікірге келді. Міне, осы біздің қоғамымыздың дамуының кепілі, яғни, біздің мемлекетіміздің көркейе беруі. Конфессия аралық диалогтың құрылғанына көзіміз жетт.

А.Абдуалиева

Комментарии закрыты.