Баланы жастан…

Ішкі істер органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі – балалардың құқық бұзбауын қадағалау. Осы ретте жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру арқылы заңды сыйлау, заң алдындағы жауапкершілік секілді түсініктерін жетілдіру де жолға қойылған. Оның айғағы – жаңа оқу жылы басталғалы бері республика көлемінде өткізілген «Полиция және мектеп», облыс аумағын қамтыған «Жасөспірім және мектеп» жедел іс-шараларының өткізілуі. Бұл шаралар барысында барлық мектептерде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, ашық тәрбие сағаттары мен кездесулер ұйымдастырылды.

Сәтбаев қаласы бойынша 2010 жылдың 9 айы ішінде жасөспірімдермен байланысты 15 қылмыс анықталған. Өткен жылдың осындай 9 айы ішінде 21 қылмыс болатын. Яғни, қылмыс саны – 28,6 %-ға төмендеген. Орын алған қылмыстар ҚР ҚК 175 бабы, 177 бабы, 178 бабы, 247 бабы, 257 бабы және 185 баптары бойынша тіркелді. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзғандары үшін 91 жасөспірімге қатысты хаттама толтырылды. Қылмыс жасағаны үшін, қаңғыбастықпен айналысқаны үшін, сабақтан себепсіз қалғаны үшін және өзге де категориялармен 79 жеткіншек КТІЖТ есебіне алынды. Одан өзге тоғыз ай ішінде бала тәрбиесінен ауытқыған немесе ішімдік ішіп өз баласына кері әсер ететін 92 жайсыз отбасы анықталып, профилактикалық есепке қойылды. Сот шешімімен 3 ата-ана ата-аналық құқығынан айрылды. Кертартпа мінезді 3 жасөспірім арнайы мектепке жіберілді. Қазіргі таңда есепке алынған әр баламен жеке сауықтыру жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы еліміз егемендік алғалы бері балалардың құқығын қорғау, алдағы ел тізгінін ұстарізбасарлар болар деген үмітпен бар көңілді балаларға бөліп келеді. Олардың тегін білім алуын, тегін емделуін толық қамтамасыз етіп отыр. Осыған қарамастан, қоғамымызда кертартпа мінезді жеткіншектер кездесіп жүр. Ата-ана тұрмыс қамымен күйбелектеп жүргенінде қадағалаусыз қалған балалар үйдегі аялы алақан мен әке жүрегінің қаталдығын сезбей өз бетімен кетіп, соңында «қиын бала» деген ұғымды қалыптастырды. Көп жағдайда баланың мінезінен ауытқушылық байқап, дабыл қаққан ұстаздардың жанайқайына ата-ана дұрыс мән бермей жатады. Тамағын, киімін тауып берсем болды, тәрбие беру сенің міндетің деп мұғалімнің өзіне қарсы шығатындары болады. Бала тәрбиесінде мектептің де орны ерекше. Бұл жерде осы жасыруға болмайды. Дегенмен, отбасында тәрбие көрмеген баланы дұры жолға қою бір ғана мектептің қолынан келмейді. Тек, бірлесіп жұмыс жасағанда ғана нәтиже көрінбек. Сондықтан, бала тағдырын шешуде ата-ана өз міндетін ұмытпаса екен.

Н.Алмаханова,

Сәтбаев қаласы ІІБ ҚҚБ-нің КТІЖТ инспекторы полиция аға лейтенанты.

Комментарии закрыты.