Меморандумға қол қойылды

Дүйсенбі күні әкімдіктің үлкен залында Сәтбаев қаласының әкімдігі, Сәтбаев қалалық маслихаты және «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты қоғамдық бірлестігінің Сәтбаев қалалық филиалы жанындағы жастар маслихаты арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.Оған қала әкімі С.Т.Медебаев, қалалық маслихат хатшысы С.С.Имамбай және жастар маслихатының хатшысы А.Айтбай қатысты. Меморандумға қала әкімінің орынбасары М.Мәдиева, қалалық маслихаттың депутаттары мен мекеме басшылары шақырылды.

Бұл меморандум мемлекеттік жастар саясаты саласындағы ортақ мүдделерді негізге ала отыра және «Балаға мейірімді қала» жобасы аясында жастар мен балалардың өзекті проблемаларын шешуде үш жақтың өзара әрекеттесуі мақсатында жасасты.

Жастар маслихатына мектеп пен технологиялық колледж оқушыларынан барлығы 13 депутат сайланды. Жастар маслихатының жұмысы жарты жылда бір рет өтетін сессиялар арқылы жүзеге асып отырады. Депутаттыққа 14 жасқа толған, өз еркімен ұсыныс білдірген қаламыздың белсенді жастары екі жылдық мерзімге сайланады.

Жастар маслихатының басты мақсаттары қаланың саяси-әлеуметтік өміріне араласуға, қаланың өркендеуіне үлес қосуға жастарды жаппай жұмылдыру болып табылады.

Меморандумға қол қойылғаннан кейін қала әкімі С.Т.Медебаев пен қалалық маслихаттың хатшысы С.С.Имамбай құттықтау сөз сөйлеп, жастарды бірігіп жұмыс атқаруға шақырды.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.