«Мақсат айқын, міндет нақты»

Шынайы демократиялық қоғам құруға өз үлесін қосуға дайын адам қандай нәрседен арылу керек деген сұраққа ең бірінші болып жемқорлықтан дер еді. Қоғамды жегідей жеп жатқан жемқорлықты әпсәтте жеңу мүмкін емес, бірақ талпыну қажет. Мұндай жай-күймен келіспейтін, адал ниетті, әділетті азаматтардың жеткілікті болғандығынан жетістікке жету сенімі мол екенін айта кету керек.Жемқорлық экономикалық өсуге үлкен зардабын тигізіп, қоғамда болып жатқан өзгерістерге кері әсер етуі ешкімге құпия емес. Бұл індет заңдардың орындалуын бұрмалайды, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын төмендетеді. Төрешілдік пен жемқорлық қоғамның демократиялық қалпын бұзады, халықтың заң мен мемлекеттік аппаратқа деген сенімін жоғалтады. Сыбайлас жемқорлық проблемаларының жайылып тамыр басқанын елемейтін мемлекет, кешікпей саяси, ал, көп жағдайда экономикалық дағдарысқа ұшырауы әбден мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын қатаң сақтау — принциптік мәселе және бұл бағытта қандай да бір келісімдер, компромистер болмауы қажет. Қандай да болмасын компромистер бірегей құжат Ар- намыс кодексінің талаптарын қатаң түрде сақтауда да болмауы керек. Бұл құжатта мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының стандарттары, олардың міндеттері ашып жазылған. Ең бастысы аталған құжат мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен қарым- қатынаста кішіпейілділік танытуын, сыпайы, әдепті болуын міндеттейді. Себебі, әрбір адам мемлекеттік қызметте өз ісін жетік білетін кәсіпқой, енегелі қасиеттері бар адамдар жұмыс істегенін қалайды. Тәртіптік кеңестің отырыстарында жоғарыдағы заң нормаларын бұзған тұлғаларға қатысты қозғалған тәртіптік істерді қарастыру барысында, қала және аудан әкімдеріне, мемлекеттік мекеме басшыларына профилактикалық, тәрбиелік шаралар өткізуге аса көңіл бөлу керектігі жөнінде њсыныстар береміз. Себебі, біздің басты міндетіміз заң нормаларын бұзған мемлекеттік қызметшілердің тәртібін нығайту женінде ұсыныстар мен ақыл-кеңестер беру болып табылады.

2009 жылдың 9 айы мен ағымдағы жылдың осындай уақытысында атқарылған жұмыстарды салыстырмалы түрде талдасақ, тәртіптік кеңес мәжілістерінің саны бір деңгейде екендігін көрсетеді, яғни 2009 жылы-10, 2010 жылы-9. Былтырғымен салыстырғанда қозғалған тәртіптік істердің саны едәуір өскен. Мысалы, 2009 жылдың 9 айында 39 тәртіптік іс қозғалса, 2010 жылдың ағымдағы уақытында 76 тәртіптік іс қозғалып, қаралған.

Тәртіптік кеңестің мәжілістерінде 17 мемлекеттік орган басшыларының есептері тыңдалды. Мемлекеттік қызмет саласында заңнама нормаларын қатаң сақтау, мемлекетік қызмет имеджін көтеру бойынша 70-ке жуық ұсыныстар дайындалып, жолданды. Мемлекеттік қызметті өткеру сұрақтары бойынша 60-қа тарта семинарлар еткізілді.

Тәртіптік жауапкершілікке 134 мемлекеттік қызметші және басқа тұлғалар тартылды. Оның ішінде 89 тұлғаға ескерту, 28 адамға сөгіс, 8 қызметкерге қатаң сөгіс және 7 тұлғаға қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту берілді. 2 адам қызметінен босатылды.

Жыл басынан бастап 368 өтініш түсті. Көптеген жағдайларда өтініш иелерін тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы, еңбек және жұмыспен қамту сұрақтары мазалайды.

Басқарма басшылығымен ағымдағы жылы 20-ға тарта азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, онда 75 адам қабылданды. Мысалы, 30 маусымда Балқаш қаласында Тәртіптік кеңес хатышылығының меңгерушісімен «Нұр Отан» ХДП Балқаш қалалық филиалының өкілдерімен бірлесе отырып азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау жүргізілді. Онда 6 адам, оның ішінде 1-материалдық көмек алуға көмектесу женінде, 2-жұмыспен қамту мәселесі бойынша, 3-мемлекеттік қызмет өткеру сұрақтары бойынша қабылданды. Әр мәселе бойынша оларды шешу туралы нақты шешімдер ұсынылды.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облысы бойынша филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен көрес бойынша Қоғамдық кеңесінің жұмысына, «Нұр Отан» ХДП филиалымен ұйымдастырылған дөңгелек үстелдерге үнемі қатысып отырады. Атап айтқанда, жақында «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалының саяси кеңесімен бірлесе отырып «Мемлекеттік қызмет: дамуының мәселелері және перспективасы» тақырыбында дөңгелек үстел еткізілді. Аталған мәжіліске облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, қала және аудан әкімі аппараттарының басшылары, кадрлық жұмыс қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Бақылау функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүйелі түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қызметіне тексерулер жүргізіліп отырады. Мысалы, 2010 жылдың өткен уақытында 168 тексеріс жүргізілді. Оның ішінде 118-жоспар бойынша, 26-азаматтардың өтініштері бойынша, 24-басқа келіп түскен ақпараттар бойынша.

Жоспарға сәйкес жүргізілген тексерістер барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактілерін анықтау үшін және шаруашылық субъектілерінің құрылтайшысы ретінде тіркелгендігін анықтау үшін салық және әділет органдарына сұраныс хаттар жолдау тәжірибеге енгізілген.

Сондай-ақ, жоспарға сәйкес тексерістер барысында қалалар мен аудандардың кадр қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет аясындағы заңнама нормаларын жетік білмеу фактілері анықталатынын атап өткен жөн. Осыған орай, кадр қызметі мамандарының біліктілік деңгейін көтеру мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасында қала және аудан әкімі аппаратарының кадр қызметкерлерін тағылымдамадан өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жуырда басқармада Балқаш, Қаражал, Жезқазған, Сәтпаев қалаларының және Бұқар-Жырау ауданының әкімі аппараттарының кадр қызметшілері тағылымдамадан өтті.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарынан түскен облыстық мемлекеттік қызметшілеріне қатысты материалдарды қарауға ерекше көңіл бөлінуде. Тәртіптік кеңес мәжілістерінде барлығы құқық қорғау органдарынан түскен 11 материал қаралды. Оның ішінде 6-ы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінен түссе, 2-і прокуратура органдарынан, 3-і Қарағанды облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінен (қаржы полициясынан) түсті. Аталған материалдар бойынша тексерістер құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жүргізіліп, уақытында Тәртіптік кеңес мәжілістерінде қаралды.

Б.ХУСАИНОВ.

Комментарии закрыты.