Саммит ОБСЕ. Қазақстанның үлкен жетістігі

Қазақстан халықаралық деңгейде әлемдегі бейбітшілікті сақтауда ұтымды бастамаларымен танылып келеді. Дүние жүзіндегі беделді халықаралық ұйым болып табылатын. ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық етуі елімізге зор жауапкершілік жүктеді. Қазақстан төрағалығы бұл ұйымның беделін де көтеріп отыр.Себебі, 11 жылдан бері өткізілмеген ЕҚЫҰ Саммиті бүгін, 1 желтоқсанда Астанада ашылды. Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тек бір мемлекетті өркениетті жолға бастаушы ұлт көшбасшысы ғана емес, әлемдегі бір-бірімен арбасқан мемлекеттер басшыларын татуластыра алатын мәмілеге келтіру саясатының жемісі, көпұлтты, тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан елінің жемісі.

Астана Саммиті адамзаттың қол жеткізген құндылықтарын сақтап, байыта түсетін бір кешенді істің бастауы болмақшы.

Қазақстанның халықаралық дәрежедегі мұндай жоғары мәртебеге ие болуына елімізде жүргізіліп жатқан саяси жаңғырту мен демократия үрдістерінің табыстылығы, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің өзіндік үлгісін әлемнің мойындауы деп білеміз. Елордамызда өткізіліп жатқан ЕҚЫҰ Саммиті осы халықаралық ұйымның беделі мен ықпалын ауқымды да мәртебелі қылып, мемлекеттер арасындағы алауыздықты жоюдың бірден-бір ақ жолы – ол келісімге келу, әлемде тыныштық орнатудың саралы жолы – бір-бірімізге түсіністікпен қарауға тың қадамдар жасаудың айғағы болып табылады.

А.Төлендина,

«Нұр Отан» ХДП-ның Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының орынбасары.

Комментарии закрыты.