ЕҚЫҰ САММИТІ. Танымдылық бағытындағы жол

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі сенім, дәстүр, ашықтық, толеранттық ұранымен өтуде. Бұл туралы мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев: «Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның ары қарай демократиялануына қуатты серпін береді.» деді. ЕҚЫҰ-дай беделді ұйымның көшбасшысы болу, оның 11 жылдан бері өтпеген САММИТ-ін өткізу Қазақстанға тек жоғары мәртебе беріп қана қоймады, зор жауапкершілік те жүктеді.

2010 жылдың 1-желтоқсанында Астанаға Еуропадағы ұжымдық қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін 55 мемлекет пен 12 серіктес елдің, 69 халықаралық ұйым жетекшілері, 500-дей үкіметтік емес ұйым өкілдері мен 1000-нан астам журналистер келді.

Осыншама қадірлі қонақтарды қарсы алу, олардың нәтижелі жұмыс істеуіне жағдай жасау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елімізге де, Елбасымызға да үлкен жауапкершілік артты.

Осындай жауапты САММИТ өткізудің маңызы неде деген сұрақ ойға оралады.

САММИТ – Қазақстанның халықаралық беделі мен мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолындағы еңбегінің мойындалуының дәлелі.

САММИТТ-тің Қазақстанда өтуі – тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін әлем жұртшылығының бағалауы. Еліміз тәуелсіздік алған осы аз уақыт ішінде ұлтаралық, дінаралық келісім, татулықтықтың үлгісін көрсеткен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын, ішкі саясат жетістіктерін әлемге таныту деп білемін.

Қазақстан тәуелсіздік алған 19 жылда жеткен жетістіктерін, қоғамдық тұрақтылығын көрсете отырып, елімізге шетелдік инвесторларды тартуда САММИТ-ке көп үміт артылды. Себебі, инвесторлар өз инвестициясын қоғамдық тұрақтылық бар елге салатыны белгілі.

Астана САММИТТ-і – қазақстандықтар үшін үлкен жетістік, зор мақтаныш!

А.Құрманбаева

Комментарии закрыты.