Қала әкімдігінде

Өзекті мәселелер қаралды 2010 жылдағы қала әкімдігінің бірінші отырысында қала әкімінің төрағалығымен бірнеше сұрақтар қаралды. Атап айтсақ, 2010-жылдағы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке ісін ашу мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін берілетін материалдық көмектің мөлшері, 2010 жылда жеке меншікті үйлердің біткен құрылысын қабылдайтын комиссияны құру және жер телімдерін жеке меншікке беру жайында мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, әкімдіктің отырысында «Сәтбаев қалалық «Шарайна» газетінің редакциясы» КМҚК директорының міндетін атқарушы Б.Ж.Бірманов қала әкімінің қаулысымен осы мекеменің директоры болып бекітілді. (Өз тілшімізден).

Комментарии закрыты.