Ұрпақ тәрбиесі – маңызды мәселе

Отбасының жүрегі болып есептелетін ата-ана баланы жасынан тәрбиелеудің дұрыс бағытын ұстанбаса, оның болашағына кім кепіл? Әр ата-ана өз балаларының тәрбиесіне жауапты. Бұл жауапкершілік өте кең мағыналы, сондықтан әрбір балаға дұрыс тәрбие беріп,бағыт беру әрбір адамның міндеті болып есептеледі.Яғни, баланы жас кезінен бастап ақыл-ойын және жан дүниесін дамытуға дағдыландыру қажет.

Ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі-балаларын сүйіп,оларға жанашыр,қамқор бола білу және мұны балалардың да толық сезінуіне қол жеткізу, балалармен арада түсініскен күйде өзара жақсы жағдай қалыптастыру. Ұлағатты сөздер айтып, әркімге жақсы ой салып, өзін қоршаған адам баласына жақсылық жасауға жігерлендіріп, жамандықтан жирендірсе керек.

Кейбір ата-аналар қазіргі уақытта ішімдікке салынып, үйлеріне күдікті адамдар жинап, балаларының көзінше дөрекі мінез көрсетіп, балағат сөздермен баланың ойын улап, теріс тәрбие беріп жатады. Тіпті тапқан табыстарының көбін араққа жұмсап жататындар да бар. Жайсыз отбасы, бала тәрбиесімен айналыспайтын ата-ана ретінде 2010 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін Сәтбаев қалалық ІІБ-ң КТІЖТ-на 102 ата-ана есепке алынса, 2009 жылы 115 ата-ана тіркеуге алынып инспекторлармен мекен-жайлары бойынша тексеріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Ал қылмыс жасаған, не сабаққа қасақана бармаған, қаңғыбастықпен айналысқан категориялары бойынша Сәтбаев қалалық ІІБ-ң КТІЖТ-на 2009 жылы 88жасөспірім есепке алынса, 2010 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін 92 жасөспірім есепке алынды.

Тіркеуге алыну барысында олар мекен-жайы бойынша ІІБ-ң қызметкерлерімен тексеріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, ескертпелер жасалынады. Ескертпелерден соң түзелмесе ата-аналардың үстінен ҚР ӘҚбК-ң 111 бабы бойынша іс-құжаттар жиналып, қалалық сотқа жолданып, ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. 2009 жылы 9 ата-ана ата-аналық құқығынан айрылса, 2010 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін 9 ата-ана құқығынан айрылды. Ал, тәртіпке көнбеген 2 жасөспірім биылғы жылда арнайы мектепке жіберілді.

Жақсы тәрбие беру-жақсы тамақ ішкізіп, әдемі киіндіріп, жоғарғы оқу орнына түсіріп, атақ пен даңқа қол жеткізу емес, ол-рухани жағынан бірінші кезекте парасатты ұрпақ өсіру. Сондықтан бұл дүниеде материалдық та рухани дүниесі де бай парасатты ұрпақтарды өсіруге ұмтылайық.

К.Кенжалиева,

Сәтбаев қаласы ІІБ-нің КТІЖТ-ның инспекторы, полиция лейтенанты.

Комментарии закрыты.