Рубрика: Исполняя поручения Президента

Жезқазған кентінің әкімі А.Сәдуақасовтың 2016 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша есебі

Пятница, 06 Янв 2017

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын арнай отырып, мемлекет дамуының жаңа бағыттарын айқындап берді. Бұл ретте негізгі басымдық отандық экономиканың өсіміне беріліп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде әкімдердің есеп беру кездесулерінің өтіп жатқаны өздеріңізге жақсы мәлім. Барлық деңгейдегі әкімдердің жыл сайынғы халықтың алдындағы есеп берулері еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің маңызды буыны болып қана қоймай, сонымен қатар, атқарушы органдардың халықпен сұхбаттасу орны, көптеген мәселелерді шешудегі жауапкершілікті арттыратын құрал болып табылады. (далее…)

Выполняя поручения Президента

Пятница, 18 Мар 2016

В городе продолжаются встречи членов городской информационно-пропагандистской группы с трудовыми коллективами Сатпаева. Лекторы ИПГ на этих встречах ведут разъяснительную работу по реализации Послания Главы государства и Плана нации «100 конкретных шагов». (далее…)

«Электронды партия» жобасы іске қосылды

Пятница, 13 Дек 2013

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың аясы ұлғайып, дамуына байланысты елімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Электронды Үкімет» жобасы қолға алынып, сәтті жүзеге асуда. Осы жобаның аясын бүгінде еліміздегі бас партия мәртебесіне ие – «Нұр Отан» партиясы да ұлғайтып, жаңашылдыққа бетбұрыс жасап, азаматтардың өтініштерін енді электронды түрде тіркеуге қол жеткізді. (далее…)

Раздел земли в крестьянском хозяйстве

Пятница, 06 Дек 2013

Вопросы, касающиеся земель в крестьянском хозяйстве, возникают нередко. И многие из них вызывают массу споров. За разъяснениями о порядке и принципах раздела сельскохозяйственных земель мы обратились к заместителю руководителя территориальной земельной инспекции по Карагандинской области Б.Торебеку. (далее…)

Захват земель – правонарушение

Пятница, 06 Дек 2013

Самовольный захват земель – правонарушение, часто регистрируемое в последнее время. Между тем, за это нарушение в сфере земельного Законодательства предусмотрены и определенные виды наказания. О том, какие меры принимаются в отношении правонарушителей, мы побеседовали с заместителем руководителя территориальной земельной инспекции по Карагандинской области Б.Торебеком. (далее…)

Кенттің келешегіне күмәнмен қарауға негіз жоқ

Пятница, 22 Ноя 2013

Қала әкімі Әнуар Омар өткен аптада бір топ мемлекеттік мекемелердің басшыларымен бірге қаламызға қанаттас жатқан Жезқазған кенті мен Весовая елді-мекенінде болып, тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы маңызды әлеуметтік нысандарды аралады.

20131122-10-01-0

Әкімнің атбасын тіреген алғашқы нысаны – Жезқазған кентіндегі М.Әуезов көшесі бойында орналасқан жасанды жабындысы бар футбол алаңы болды. Халық игілігі үшін қыруар қаражатқа берілген бұл алаңды күтіп ұстауды, кент көшелерінің абаттандырылып, көгалдандырылуына аса мән беруді тапсырды. Алдағы үш жылда бұл кенттің тыныс-тіршілігі тоқтамайды. Үш жылдан кейін мұндағы жұртшылық қалаға қоныс аударады. Осы үш жылға дейінгі аралықта кент тұрғындарына барлық жағдайлар жасалуы қажет.

20131122-10-01-2Бүгінде кентте 3414 тұрғын бар. Олардың баспаналары орталық жылу беру желісіне қосылған.

Кенттегі №2 аралас орта мектепте болған қала әкімі Ә.Омарды мектептің басшысы Қарлығаш Мадиярова білім ошағының бүгінгі жай-күйімен таныстырды. Білім ордасында 366 бала білім алып жатыр. Мектептің асханасы, спорт залы, кітапханасы мұндағы шәкірттер игілігіне тиісті деңгейде қызмет етіп отыр. Мектептің кітапхана қоры – 25000, 2 компьютер сыныбы, 1 лингофонды, 1 мультимедиялық бөлме арнайы жабдықталған. Мектеп жанында қазақ және орыс тілінде білім беретін шағын орталық жұмыс жасайды.

20131122-10-01-1Еліміздің намысын облыстық, республикалық, халықаралық спорттық додаларда қорғап жүрген спортшыларды дайындап, сынға қосып жүрген кентте орналасқан Сәтбаев қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне ат шалдырған қала әкіміне мұндағы жағдайды спорт мектебінің басшысы Саят Серіков баяндады. Бұл мектепте қазіргі таңда 814 жас жеткіншек спорттың қыр-сырын меңгеруде. Олар бокс, күрес, таэквандо, теннис, баскетбол, волейбол үйірмелерінде жаттығады. Талай спорт саңлағын баптаған орданың түйткілді мәселелері де жоқ емес. Әсіресе, интернетке қосылу мәселесі шешімін таппай отыр. Осы мәселенің оң шешілуіне септігіңізді тигізсеңіз деп өтінішін білдірген спорт мектебінің басшысы Саят Серіковке қала әкімі бұл мәселе шешімін табады деді. Бастысы, жүйелі жүргізіліп келе жатқан жұмыстың қиюын қашырмай жалғастыра беруді тапсырды.

20131122-10-01-3Қазіргі күні 2583 тұрғыны бар Весовая елді-мекенінде болған Әнуар Серікбайұлы әуелі Киров көшесі,15 үйдің 21 пәтерінде тұратын зейнеткерлер – Алпеевтердің шағымына құлақ түрді. Қарттар пәтерлеріне жылудың бірде келіп, бірде келмейтінін айтып шағымданды. Жөндеу жұмыстары жүргізілген кездерде пәтерге жылу беру тоқтатылғанымен, қала басшысы бас сұққанда пәтерде жылу беруде еш кедергінің жоқтығы анықталды. Қала басшысы жауапты тұлғаларға кенттегі тұрғындарға үздіксіз жылу беруді басты назарға алуды жүктеді.

Елді-мекендегі мәдени ошақтарды да назарынан тыс қалдырмаған Әнуар Серікбайұлы теміржолшылар клубында, №2 музыка мектебінде, отбасылық кітапханада болды.

Қала басшысының кентте жүргенін көзі шалып, құлағы естіген жұртшылық арнайы келіп, кенттің болашағы жөнінде сөз қозғады. Қала әкімі бұл кенттің көшірілмейтінін, оның болашағына күмәнмен қарауға еш негіз жоқтығын айтты. Кентке алдағы жылдары әлеуметтік-экономикалық түйткілді мәселелерді шешу үшін қаражат тартылып, елді-мекендегі тұрғын үйлердің жаңғыртылуына көңіл бөлінбек. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асатын бұл жұмыстарды тұрғындар арасында түсіндіруді жауапты тұлғаларға жүктеді.

Бағдат Қазкенов.

«КазАгро» поддержит сельхозтоваропроизводителей

Пятница, 22 Ноя 2013

20131122-03-01Можно смело утверждать, что на сегодняшний день проделана определенная работа для облегчения доступа населения к различного рода информационным услугам и справкам – работает портал электронного правительства, различные государственные учреждения внедряют свои интернет-ресурсы. Тем не менее, вопрос доступа населения, особенно сельчан и фермеров к информации по кредитам для сельхозтоваропроизводителей организован на недостаточном уровне. По этому поводу замечание сделал и аким города на форуме по развитию агропромышленного комплекса.

Сегодня название национального управляющего холдинга «КазАгро» у многих на слуху. Однако, немногие знают, чем занимается холдинг и какую поддержку оказывает «КазАгро» аграрному бизнесу. После форума мы побеседовали с начальником ГУ «Отдел сельского хозяйства и ветеринарии г.Сатпаев» А.Абилкасымовым, чтобы узнать, какую реальную помощь от холдинга получают наши местные крестьяне. (далее…)

Таңдау тұтынушы қолында

Пятница, 22 Ноя 2013

20131122-02-02Қазан айынан бастап Сәтбаев жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорыны суық су бағасын көтерген болатын. Осы ретте тұрғындардың су есептегіш құралдарын орнатып, ақшасына үнем жасауына мүмкіндік бар. Су есептегіш қондырғысын орнатудың қандай пайдасы бар деген сұрақ тууы заңдылық. Алдымен, бұл — табиғат қорларына ұқыпты көзқарас деген сөз. Суды үнемді пайдалану еліміздің табиғи байлықтарын сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өзіңіз пайдаланған су мөлшеріне ғана ақы төлейтініңіз тиімді.

Есептегіш болмаған жағдайда ыстық суға төлем бекітілген тарифтер бойынша және пәтерде есепте тұрған адам санына қарай жүргізіледі. Дегенмен, пәтерде тіркелген адам мен тұратын адам саны көбіне-көп сәйкес келмейді. Сонымен қатар, үйде уақытша адам тұрмаған кезде де төлем есептеледі.

Жалпы, су көздерін үнемді пайдалануға қатысты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Парламент палатасының бірлескен отырысында айтқанын ел ұмыта қоймаса керек. Елбасы суды ысырап етуді жалғастыра берсе Қазақстанның су тапшылығына ұшырауы әбден мүмкін екендігін айта келіп, коммуналдық шығындарды азайтып, суды үнемдеу керектігін ескерткен болатын. (далее…)

«Қолжетімді баспана – 2020»

Пятница, 22 Ноя 2013

20131122-02-01Мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты мақсаты – халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Сондықтан, Елбасы бұл бағдарламаның тиімді жүзеге асырылуын жіті назарда ұстап келеді. Осыған орай еліміздің барлық аймақтарында аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға баса мән берілуде.

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын іске асыру негізінде біздің қаламызда да құрылыс саласының қарқын алғаны байқалады. Нақтырақ айтар болсақ, тұрғын үй құрылысын дамытудың аймақтық бағдарламаларына сәйкес, Сәтбаев қаласы бойынша соңғы бес жылда жалпы ауданы 65231 шаршы метр тұрғын үй салынып пайдалануға берілді. Оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 5768 шаршы метр болатын төрт 3 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй, жалпы ауданы 4146 шаршы метр 48 пәтерлі бір тұрғын үй салынды. Сондай-ақ, Наурыз көшесі 3В мекен жайындағы жалпы ауданы 5920 шаршы метр екі 35 пәтерлі тұрғын үй, Комаров көшесі 9А мекен жайдағы жалпы ауданы 2900 шаршы метр болатын көппәтерлі тұрғын үй сатып алынды. Осылайша, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2012 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен жоспардағы 8200 шаршы метрдің орнына 10517 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе жоспар 128% құрады. (далее…)

Істің маңыздылығына мән берілсін

Пятница, 15 Ноя 2013

Сейсенбі күні әкім аппаратының кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Мәжілісті ашып жүргізіп отырған әкім Әнуар Омар әңгімені дүйсенбі күні өткен ауыл шаруашылығы форумынан бастады. (далее…)