Баспаналы болды
Пятница, 16 Окт 2020Сәтбаев қаласында тұратын көпбалалы он бес отбасы баспаналы болды. Бұл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыс әкімдігі және «Қазақмыс Холдинг» ЖШС арасындағы үшжақты меморандум аясында мүмкін болып отыр. Өткен сейсенбіде Шаталюк көшесіндегі көпқабатты 22-үйден тұрмысқа қажетті жиһаздармен толық жабдықталған төрт бөлмелі пәтер кілттері иелеріне салтанатты түрде табыс етілді.
Осы меморандум аясында «Қазақмыс» компаниясы өзінің қызметкерлеріне пәтерлер сатып алып қана қоймай, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға барынша көмек көрсетуде. Осылайша, әлеуметтік жауапкершілік принципін қолдауда. Жалпы, «Қазақмыс» еліміз бойынша Елбасы мен Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, әлеуметтік жауапкершілікті орындай бастаған алғашқы компанияның бірі болып табылады. (далее…)