Баспана сыйлады
Пятница, 15 Май 2020Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті, әрі ерекше айы – Рамазан. «Харекет» қайырымдылық қоры «30 күнде – 30 баспана» ұранын ұстанып, Рамазан айының әрбір күнінде көмекке мұқтаж аз қамтылған көпбалалы аналарды қуантуда.
Оразада жалғасқан игілікті шарада кезекті 201-ші баспана Сәтбаев қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Дана Азнабаеваға бұйырды. 10 жылдан бері баспана тауқыметін тартқан ана қайырымды жандардың арқасында 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізді.
– Көп балалы анамын. Балапандарымның ризығы болар, баспаналы болып жатырмын. «Харекет» қайырымдылық қорына жағдайымды айтып көмек сұраған болатынмын. Бірақ, дәл осылай тез арада баспаналы боламын деп күткен жоқпын. Тосыннан үлкен сыйлық жасағандарға алғысым шексіз. Барлығына рахметімді айтамын. Бұған дейін пәтерден пәтерге көшіп, үй жалдап тұрдық. Жаңа баспаналы болу он жылдан бергі арманым еді. Енді, міне, соған қол жеткіздік. Ораза айында баршаңызға Алланың нұры жаусын! Игі шараға атсалысқан иманды, қайырымды жандарға Алла Тағала разы болып, екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін» – дейді Дана.
Үйлі болған балақайлар мәз-мейрам. Осы отбасының үлкен қызы Жәния да өздеріне баспана сыйлаған аға-апаларына алғыс айтып, әсерімен бөлісті. (далее…)