Рубрика: 30 лет Независимости Казахстана

Ерекше балаларға – ерекше күтім

Пятница, 22 Окт 2021

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүддесін қорғау, оларға қолдау көрсетіп, қоғамда еркін өмір сүруінемүмкіндік туғызу – елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың басты мақсаты. Мүгедек жандардың білім алып, еңбек етуіне, белгілі бір кәсіп игеріп, өмірге бейімделуіне жағдай жасау арқылы ғана «Қазақстанды кедергісіз аймаққа айналдыру» саясатын жүзеге асыра аламыз.

Ерекше күтімді қажет ететін балалардың тағдырын Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов та назардан тыс қалдырған емес. Соның бір дәлелі – әкімдіктің бастамасымен өткен бейсенбіде ашылған «Нығмет» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің күндізгі оңалту орталығы.

Орталықтың ашылу салтанатында сөз алған қала әкімі бұдан кейін де ерекше қажеттіліктерге ие балалардың құқықтарын қорғауға, олардың дұрыс дамып-жетілуіне қатысты мәселелер шешімін таба беретіндігін айтты. Одан әрі қалалық мәслихаттың хатшысы Татьяна Хмилярчук барлық депутаттардың атынан құттықтау сөз сөйлеп, орталыққа арнайы алынған сыйлықтарын табыстады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жұмыс жасайтын орталықты ерекше балаларға арналған балабақша деуге болады. Мұнда балалар таңертеңгі 9-дан кешкі 6-ға дейін толық күн болады. Бұл, әсіресе, таңертеңнен кешке дейін балаларынан шыға алмайтын аналар үшін жақсы жаңалық болды. Себебі енді бұл аналар жұмысқа шығып, тұрмыс жағдайларын жақсартуларына зор мүмкіндік алып отыр. (далее…)

Тәуелсіздік – тұғырым

Пятница, 22 Окт 2021

Тәуелсіздік – ата-бабамыз аңсаған ұлы арман. Ғасырлар бойы көз жеткенімен, қол жетпес болып көрінген сағым күндер. Мағынасына тұтас ұлттың тағдыры сиып жатқан осы бір ауыз сөздің өзі түсінген адамды жігерлендіріп, бойына патриоттық сезім ұялатпай қоймайды. «Тәуелсіздіктің жолы – қатты, дәмі – тәтті», деп ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосып кеткен Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза айтқандай, азаттықтың ақ таңына куә болу жолында Қазақ халқының талай соқпақты бастан кешкені тарих беттерінде жатыр. 1986 жылы бейбіт күннің тууына мұрындық болған ұлы төңкеріс қазақ қыздары мен жігіттерінің жанкештілігін көрсетті. Әлбетте, бұл аяқ асты қызуқандылықпен, намыстың бір-ақ күнде оянбағанының белгісі. Ол сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» дәуірінің, кәмпескелеудің, дінді ұмыттырып, тілді жою жолында қолдан ұйымдастырылған ашаршылықтың, отарлау саясатының, қуғын-сүргін зұлматының ушыққан көрінісі дер едім. Бүгінде ата-баба аңсаған азаттықтың таңы күлімдеп атқанына отыз жыл. (далее…)

Какие знаковые события произошли за 30 лет

Пятница, 22 Окт 2021

30-ю годовщину с момента обретения независимости празднует в этом году Казахстан. Ежегодно на пути суверенного развития в стране происходят важные события, знаковые перемены и ключевые реформы. Предлагаем вспомнить некоторые из них.

Закрытие Семипалатинского ядерного полигона

Ровно 30 лет на территории Казахстана прекратили ядерные испытания. Соответствующий указ 29 августа 1991 года подписал Первый Президент Нурсултан Назарбаев.

Семипалатинский ядерный полигон действовал почти четыре десятка лет. Около пятисот ядерных взрывов, тысячи покалеченных судеб, зараженный грунт.

Его история началась в 43-ем. Тогда, в разгар Великой Отечественной, Госкомитет обороны СССР принял специальное постановление о начале работ по созданию ядерной бомбы. Руководство проектом поручили известному советскому физику Игорю Курчатову. Однако первый ход в ядерной гонке сделали США. В 1945 американцы использовали бомбу в Японии. Советским ученым пришлось ускориться и спустя два года для испытаний выделили огромную территорию, почти в 19 тысяч квадратных километров. (далее…)

Көңілден шыққан көрме ұлттық қолөнерді дәріптеді

Пятница, 15 Окт 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен қолөнер шеберлері көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға қала әкімі Асқар Ыдырысов, мәслихат хатшысы Татьяна Хмилярчук, қаланың Құрметті азаматтары мен мектеп оқушылары қатысты.

Биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстың қорытындысы ретінде ұйымдас­тырылған бұл көрмеге бірқатар жергілікті шеберлер жиналып, өздерінің төл туындыларын көпшіліктің назарына ұсынды. Мәселен, ағаш шебері, саятшы Ерғали Білесов ағаштан жасалып, таза былғарымен қапталған ертоқымды көрмеге қойса, қолөнер шебері Гульсун Давут кестелеп тігілген, ою-өрнектермен безендірілген көрпешелер мен күнделікті тұрмыста қолдануға болатын түрлі әсем бұйымдарын әкелді. Өз кезегінде тоқыма тоқу шебері Ақышкүл Махадиева жүннен, киізден, жіптен тоқылған киім үлгілерін, жастық, қоржын, дорба секілді әр алуан құнды дүниелерді дайындады. Ал, домбыра шебері Әбілқасым Байбұланов өз қолынан шыққан қазақтың қасиетті домбырасының бірнеше түрін көрмеге арнайы алып келді.

Ағаш шебері, дизайнер болып қаламызға танылған шебер Армия Есенов бұл жолы өзінің шығармашылығын жаңа қырынан – мүсінші ретінде танытты. Он саусағынан өнер тамған шебер көрмеге қазіргі технологияны қолдана отырып жасанды тас пен саздан жасалған бүркіт, киік секілді Сарыарқа даласында мекендейтін аңдардың мүсіндерін дайындап әкелді. Сондай-ақ, қаламыздың саябақтарына орнатуға болатын бірнеше композицияның темірден жасалған макеттері де осы көрмеден табылды. Әсіресе, жаңа үйленген жастарға арналған өнер туындысы өзінің ерекшелігі мен мазмұндық сипатымен көз жауын алды. Қарап отырсақ, кенді қаламызда жас жұбайлардың арнайы барып, естелікке суретке түсіп, бас қосатын орны жоқ. Армия Есеновтың ұсынып отырған бұл туындысын әкімдік қолдаса, қаламыздың бір төбесінде ғашықтардың махаббат белгісі іспеттес әдемі мүсін бой көтерер еді. Қаламыздың көркіне көрік қоса түсетін аталмыш сәулет құрылысы қала тұрғындары мен қонақтары серуендеп, демалатын тағы бір таптырмас жер болары сөзсіз. (далее…)

Ұлытау – тарих куәгері

Пятница, 15 Окт 2021

Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр. Мысалы, еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан,тарихымызды таныту үшін қазір көп нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың куәгері — Ұлытау.

Бұл жерде барлық қазақ хандарының ата-бабасы Жошы ханның және аты аңызға айналған қазақ жүздерінің негізін қалаушы Алаша ханның мазарлары орналасқан. Ұлытау өңірі өзінің айрықша археологиялық ескерткіштерімен ерекшеленеді: Теректі Әулие тастағы таңбалары, қола дәуірінің металлургиялық орталықтары, түркілік тас мүсіндер, сақ қорғандары мен оғыз-қыпшақ қалалары осы жерде қоныс тепкен. Ұлытау ауданы аймағында 358 тарихи-мәдени ескерткіш төлқұжаттандырылған. Олардың ішінде 11 ескерткіш: Айранбай, Мақат, Жошыхан, Алашахан, Болған ана, Басқамыр, Аяққамыр, Дүзен, Домбауыл, Кетебай, Лабақ мазарлары республикалық маңызға ие. Сондай маңызды кесенелерінің бірі Алаша хан және Жошы хан кесенесі. Жошы хан кесенесі Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Кесенеде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі оғыз, арғын, қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы түгелге дерлік қатысқан. (далее…)

Сәтбаев қаласының әкімі Асқар ЫДЫРЫСОВ: «АНА ТІЛДІ ҮЙРЕНЕ АЛМАУ МҮМКІН ЕМЕС» Сұхбатқа себеп

Пятница, 08 Окт 2021

Әдетте әкім-қаралармен әңгіме, сұхбат шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік мәселелер төңірегінде өрбиді. Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Абылайұлы Ыдырысовпен мәдениет, өнер, жалпы руханият қақында ой бөлісуді ұйғардық. Неліктен? Себеп қандай?

Әкімдер тағайындалатын кезде елдің арасына өздерінен бұрын олар туралы сөздер тарайды. 2016-ның қаңтарының орта шенінде «қалаға жаңа әкім келе жатыр екен», «өзі қазақшаға шорқақтау, орыснамайлау жігіт көрінеді» деген сөздер гу-гу тарап жатты. Әрине, мұндай «анықтамаларды» құлағың шалғасын «Қасиетті Қаныш атындағы қаланың тізгіні кімнің қолына тиетін болған?» дейтіндей алаңкөңіл күйге түскеніміз де рас. Содан бері бірнеше жылдың жүзі ауды. Рас, алғашында аздап кібіртіктеп қалатыны байқалатын әкім қазір қазақшаға қамшы салдырмайды. Мәдениет пен өнер саласында атқарылған істер жетерлік, алдағы уақытқа жоспарланған жобалар да баршылық. Ендеше, неге әкімді аталмыш тақырып төңірегінде әңгімеге тартпасқа? Ол ойларын ортаға салсын, өзгелер ойлана жатса тіпті, құба-құп.

– Асқар Абылайұлы, өзіңізбен әңгімені қарапайым сұрақтан бастасақ, мектепте қазақша оқыдыңыз ба?

– Жоқ, орысша оқыдым. 1980-ші жылдардың орта тұсында жалпы еліміздегі секілді Жезқазғанда да орыс тіліне басымдық берілетін. Заман солай болды. Менің қуанатыным, мектеп орысша болғанмен, үй қазақша болды. Сондықтан мен өзімді ана тілінен алшақ өстім демеймін. Кейін институтта да орысша оқыдық. Әрине, жүрген ортаның әсері қанша дегенмен тиеді. Бірақ, әлі күнге шейін «мектепте, институтта орысша оқыдық, сосын қазақшаны қайдан білеміз, қалай үйренеміз?» дейтін замандастарды түсіне алмаймын. Ынта, ниет болса еңсерілмейтін қиындық жоқ.

Тіл де солай. Кім болса да өзінің ана тілін үйрене алмауы мүмкін емес. Мен осында әкім болып келген кезде қазақша сөйлегенде кібіртіктеп қалатынмын. Мұны жасырғым келмейді. Қатардағы азамат ретінде сөйлеу бар да, басшы ретінде сөйлеу бар. Өйткені, ел қарап отырады. Және жай отырмай, сынап отыратыны белгілі. Сондықтан, қазақша барынша таза сөйлеуді өзімнің алдыма мақсат етіп қойдым. Сол мақсатыма қаншалықты жете алғанымды қайдам, бірақ, мақтанғаным емес, көрші қаланың ақсақалдары «сендердің әкімдерің қазақшаны қағазға қарамай-ақ әдемі сөйлейді екен» депті. Мұны маған өзіміздің ақсақалдардың бірі айтып келді. Расы керек, естігенде кәдімгідей қуанып қалдым. (далее…)

Әжелер салған ән қандай!

Пятница, 01 Окт 2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қарағанды қаласында өткен өнер байқауында Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығының «Ақ әжелер» ансамблі топ жарды.

Ата-әжелер арасындағы додада өнер ұжымы классикалық және қазақ композиторларының әндерін шырқап, халық әндерін тарту етті. Ал, жеке орындаудағы шығармалар тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды.

Қаламыздағы «Ақ әжелер» ансамблі Мәуия Бекмағанбетқызының басшылығымен 2001 жылы құрылған болатын. Содан бері өнерімен көрерменін тәнті еткен топ 2013 жылы құрамы жағынан қайта толықты. Алғашқы жылдары «Хор өнерінің королі» атанған Марат Шоқтаев екі жыл жетекшілік етсе, бүгінде музыкант Балтабай Сағидуллаев ансамбль тізгінін қолына алған. Қала әкімдігінің қолдауымен ұлттық киімдері жаңаланған ансамбль 2019 жылы облыстық фестивальге қатысып, бірінші орынды қанжығалаған болатын. Ал, биылғы жылы бас жүлдені жеңіп алып, арнайы дипломға ие болды.

– Менің басшылығыммен құрылған өнер ұжымының еңбегі еленіп, өнер шыңына көтеріліп, жарқырауда. Бұл ретте Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайының директоры Индира Бақытқызының еңбегі зор. Іскер басшы меценат, «Атымтай Жомарт» атанған азамат Ержан Тоқымбаевтың демеушілігі арқасында табысты, берекелі бастамаларға жол ашылуда. Алдағы уақытта биыл құрылғанына 20 жыл толған «Ақ әжелер» ансамблінің ыдырап кетпеуіне күш салуымыз керек. Жан-жақты қолдау таныта білсек «нұр үстіне нұр болар еді», – дейді Мәуия Бекмағанбетқызы.

Мейрамгүл САЯЖАН.

Бас жоспардың берері көп

Пятница, 01 Окт 2021

Қалалық әкімдіктің үлкен залында Сәтбаев қаласының бас жоспарын әзірлеу және түзету бойынша отырыс өтті. Нәтижесінде «Байқоныс» ықшам ауданының жоспары егжей-тег­жейлі нақтыланып, «Казгипроград» жобалау институты өкілдерінің баяндамасы тыңдалды. Отырыс қала әкімі Асқар Ыдырысовтың төрағалығымен өтті.

«Казгипроград» жобалау институты» ЖШС өкілдері қаланың қолданыстағы бас жоспарын әзірлеу, түзету бойынша схемалар мен сызбаларды пайдалана отырып, көрнекі көрсетіліммен ақпарат ұсынды. Жобалау институтының директоры Ілияс Темербаев бас жоспардың өте ауқымды, маңызды құжат екенін атап өтті.

– Бұл алдағы 15-20 жылға орайластырылған қаланың келбеті. Жобаның құрылыс объектісін жоспарлау және абаттандыру, ғимараттарды, көлік қатынас жолдарын, инженерлік жүйелерді орналастыру, шаруашылық және тұрмыс қызмет жүйелерін ұйымдастыру мәселелерінің кешенді шешімі бар бөлігі. Басты мақсатымыз – аумақтың жоспарлы, үйлесімді дамуын қамтамасыз ету, адамдар үшін қолайлы және қауіпсіз тіршілік ортасын құру, – деді ол. (далее…)

Абыройымызды асқақтатты

Пятница, 24 Сен 2021

Соңғы бірер жылдан бері қаламыздың сахнасына сән беріп, өнерсүйер қауымның құлақ құрышын қандырып жүрген өнер ұжымдарының бірі – «Кеншілер сазы» фольклорлық ұлт-аспаптар ансамблі. Құрылғаннан бері аталмыш ұжым өнер айдынында өзіндік орнын алып, тыңдармандарын қалыптастырып үлгерді. Ақмола облысында өткен «Көнеден жеткен күмбір» фольклорлық фестивалінде жерлестеріміз абыройымызды асқақтатты. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қажымұқан Мұңайтпасов атамыздың туғанына 150 жыл толуына арналған шараға «Кеншілер сазы» ансамблі де қатысты.

Бурабай курорты бірнеше күн бойы төл өнердің орталығына айналып, Нұр-Сұлтан, сондай-ақ, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облысының шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушыларының басын қосты. Республикалық деңгейдегі фестивальде «Кеншілер сазы» ансамблі ерекше көзге түсті. Өнер додасының бағдарламасы өте мазмұнды болды. Одан бөлек Бурабайдың әсем жерлеріне саяхаттаған өнерпаздар қызықты кездесулер өткізіп, семинар-тренингтерге де қатысқан. Халқымыздың бай мұрасын паш еткен жерлестеріміз Байғара Сәдуақасовтың жетекшілігімен Нұрлан Керімбековтің «Сәтбаев вальсі» әнін, Ермұрат Үсеновтің «Ерден толғауын» тамаша орындады. Жағымды эмоцияға қоса дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болған дарын иелері алған әсерімен бөлісіп, игі іске мұрындық болған қала басшысы Асқар Ыдырысовқа, Ш.Ділдебаев атындағы мәдени-шығармашылық орталығының басшысы Индира Бақытқызына алғыс білдірді. (далее…)

Дамудың даңғыл жолында

Пятница, 17 Сен 2021

Кеншілер шаһарының төл мерекесі қазіргі эпидахуалға орай бұрынғыдай дүбірлетіп аталып өтпесе де, бірнеше игі шаралармен есте қалды. Осы жылдар аралығында дамудың даңғыл жолынан таймай келе жатқан қаланың туған күніне орай ұйымдас­тырылған салтанатты шара орталық алаңда орналасқан академик Қаныш Имантайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Сәтбаев қаласының тарихы Жезқазған кенді аймағын жан-жақты зерттеп, оның қазба байлықтарын игеру бойынша игі жұмыстар атқарған қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты. Іргетасы 1954 жылы жұмысшы кенті ретінде қаланып, Никольский аталған бұл мекен 1973 жылы қала мәртебесін алса, 1990 жылы шаһарға оның негізін қалаушы ғалым Қаныш Сәтбаевтың есімі берілді. Бүгінде мұнда «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрамындағы кеніштер мыс кенін өндіріп, елдің өркендеуіне сүбелі үлесін қосуда.

Ғалымның ескерткіші алдына жиналған қала басшылығы, зиялы қауым өкілдері бүгінгі жетістіктерді тілге тиек етісіп, өткенге көз жүгіртіп, елеулі сәттің куәсі болғандарына қуанышты екенін жеткізді.