Жастар пікір таластырды
Пятница, 10 Май 2019Қазір қоғамда жастар діни сауаттылығының төмендігінен атынан да, затынан да шатасатын саяси миссионерлік ағымдардың алдап-арбауына түсуде. Күллі қоғамның рухани және діни сауатты болуы кезек күттірмес мәселенің бірі. Мұндай жолдарға, керітартпа ағымдарға кетпеудің ең әуелгі жолы – діни сауаттылықты арттыру. Осы мақсатқа орай өткен аптада №16 мектепте қалалық дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы мектеп оқушылары арасында «Дәстүрлі құндылықтар мен радикалды идеология» тақырыбында аймақтық дебат турнирін өткізді.
Дебат турнирі белгілі бір ойды жеткізуге, оны емін-еркін айтуға, мәселеге қатысты дерек-дәйектермен дәлелдеуде туындайтын ортақ пікір таластыру алаңы. Тартысқа толы болған турнирге Жезқазған, Сәтбаев қалаларынан барлығы 15 команда қатысты. Екі күнге созылған дебат ойындарына облыстық, республикалық ойындарда озық шыққан үздік спикерлер төрелік етті. (далее…)