Рубрика: Разное

Мемлекет басшысы Ұлытау өңіріне келді

Пятница, 22 Окт 2021

Сәрсенбінің сәтті күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Мемлекет басшысы мысты өңірге де арнайы атбасын бұрып, бірқатар нысандарды аралап, маңызды шараларға қатысты.

Президент өзінің Жезқазғандағы жұмыс сапары барысында қаладағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатында болып, заманауи құралдармен жабдықталған «Өркен-медиа», өлкетану, домбыра және арт-студия кабинеттерін аралап көріп, педагогтармен, оқушылармен әңгімелесті.

Өлкетану кабинетінде оқушылар Ұлытау өңірі мен Сарыарқаның тарихы, қасиетті орындары туралы оқиды екен. Қасым-Жомарт Кемелұлы туған өлкенің және қазақ халқының тарихын білудің маңызды екенін атап өтті. (далее…)

Маңызды нысандарды аралады

Пятница, 22 Окт 2021

Биылғы жылы қаламызда ірі құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқаны белгілі. Осы орайда Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Сәтбаев қаласына келді. Жұмыс сапары барысында облыс басшысы маңызды нысандарды аралады.

Облыс әкімі бас сұққан алғашқы нысан қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан бұрынғы «Юность» стадионы болды. Бүгінде мердігер «Самат–Мұнай» ЖШС-і құрылыс және монтаждау, геодезиялық жұмыстарын бастаған. Қаламыздың шығыс бөлігіндегі спорт стадионы 70-ші жылдары бой көтеріп, ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай тұралап қалғаны белгілі. Қайта құрудан кейін оның базасында жеңіл атлетика орталығы жұмыс істей бастайды. Қазіргі уақытта бордюрлерді төсеу, жүгіру жолын қиыршық таспен толтыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан кейін өңір басшысы жүзу бассейніндегі, футбол алаңындағы қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. (далее…)

Өлең-сөздің қасиетін қастерлеген

Пятница, 22 Окт 2021

Қазақы өлеңді өмірінің мәні еткен кенші-ақын Жақсылық Омаров 65-ке толып отыр. Осыған орай Б.Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапханада өткен «Төгеді шаңырағыма сәулесін күн» шығармашылық кешінде құтты болсын айта келген ел ағалары, Арқаның арқалы ақындары мен өлең десе ішкен асын жерге қоятын жырсүйер қауым бас қосты.

Өңірімізде ел ықыласын иеленіп, көптің батасымен көгеріп жүрген, көргені мен түйгені мол ерлер аз емес. Солардың қатарында Жақсылық Адамбекұлы да бар. Тума талант иесі 1956 жылы Шымкент қаласы, Түркістан ауданы, Жарас ауылында жарық дүние есігін ашты. 1974 жылы Кентау қаласындағы №2 мектеп-интернатты бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолын Бабайқорған ауылында құрылысшы болып бастады. 1985-1999 жылдары «Қазақмыс» корпорациясының Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65-ші шахтасында тер төкті. Шыңырауда шыңдала жүріп қолынан қаламы түспеген өндірісші өлең десе елеңдеп тұратын. Ойында кестеленген жыр өрнектерін қағаз бетіне түсіре берді. Өндірісті өрге сүйреген еңбек майталманы үшін кеншілік пен ақындықты қатар алып жүру оңайға соқпады. Ел, Отан, өмір, адамгершілік секілді асыл қасиеттер, басқа да тақырыптарға арналған өлеңдері ойлылығымен тартымды оқылады. Тәрбиеге, өнерге, білімге, сыйластыққа үндейді. Туған жердің көркеюі мен келісті келбеті көрікті жыр­ларына арқау болды. Тілге деген ізет, құрметі ақын ағаның өлеңдерінде өрнектелген. «Жүрекжарды», «Аманатқа адалдық», «Талтүс» жыр кітаптары үлкен толғаныстың жемісі. Имандылық, арды аттамау ақын Жақсылық Омаров өлеңдерінің негізгі өзегі, алтын арқауы. Осы ретте кезек Шынболат Ділдебаев атындағы ақындар үйірмесінің оқушыларына берілді. Олар ақын қаламынан туған жыр шумақтарын мәнеріне келтіре оқыды. (далее…)

Баға – бақылауда

Пятница, 22 Окт 2021

Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы Татьяна Хмилярчук бастаған бір топ мәслихат депутаттары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында өткен жұмада бірқатар дүкендерге рейд жасады.

Сол күні қаламызға Қарағандыдан «Жасыл керуен» жәрмеңкесі келіп жеткен еді. Депутаттардың рейді осы жерден басталып, сырт­тан әкелінген тауарлардың сапасы тексерілді. Жалпы жәрмеңкеге 42 тонна өнім жеткізілді. Оның ішінде картоп – 10 тонна, сәбіз – 5 тонна, пияз – 7 және қырыққабат 500 кг. Бұл тауарлардың шектік бағасын әкімдік бекіткен болатын. Мәселен, картоптың келісі 185 теңгеден сатылса, пияз – 90, сәбіз бен қызылша – 170, қырыққабат – 160, қызанақ – 680, қияр – 480 теңгеден аспауы тиіс. Сондай-ақ, жәрмеңкеге еліміздің оңтүстік өңірінен жеткізілген бірнеше жеміс-жидек түрлері де арзандатылған бағада сатылды. Олар – келісі 350 теңге болған алма, банан – 600 теңге, апельсин – 680, жүзім – 480-600 теңге, алмұрт – 450-650 теңге және басқалар. Рейд барысында аталмыш азық-түлік өнімдеріне қойылған бағалардың сақталуы қадағаланып, сатушыларға бекітілген бағаны тұрақты ұстап тұру керектігі ескертілді. (далее…)

Бәрі өз қолымызда

Пятница, 22 Окт 2021

Соңғы мәліметтерге қарағанда, тұтас еліміз бойынша «Тәжтажалдың» шырмауынан шыға бастағандаймыз. Бұл қуанарлық жағдай. Соның ішінде Сәтбаев қаласында соңғы тәулікте ковид жұқтырған бір де бір адам тіркелмеген…

Салдарының салмағы зіл батпан жаман сырқаттан сақтансақ жағдайымыздың жаман болмайтынын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыра алып едік, кеселдің беті біртіндеп қайта бастады. Ендеше бәрі өз қолымызда. Ең бастысы сақтық шараларын қалтқысыз сақтап, шектеу шараларына шекемізден қарамай, мамандардың талабына түсіністік танытайық. Екпе алып, еркін жүрейік. (далее…)

Рухани орда

Пятница, 22 Окт 2021

Ғұлама жылдар парағын судыратып өткен сайын небір айтулы оқиғалар тарихта алтын әріппен жазылып, өзінің құндылығын асқақтата түседі. Сондай рухани ордалардың бірі кітапхана болып табылады. Сәтбаев қаласындағы орталық кітапханаға қазақтың біртуар ұлы, мақтанышы, жауынгер-жазушы, Ұлытау өңірінің тумасы жерлесіміз Баубек Бұлқышевтың есімі биылғы жылдың 26 тамызында берілді.

Адамға рухани азық сыйлап, ғылым мен білімнің терең тұнығынан сусындатып жүрген мәдени орын – кітапхана. Тарих қойнауына тереңдеп бармай-ақ, бүгіннің биігінен қарағанның өзінде елімізде кітапхана ісінің кең қанат жайып келе жатқанын көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Ең бастысы, қалың көпшіліктің кітап оқуға деген ынта-ықыласы арта түскені байқалады. Ол кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір. Ал, кітап­хананың тіршілігіне дем беріп, ұлттық құндылықтар мен рухани байлығымыздың арасын жалғастыратын дәнекер – кітапханшы. Сан түрлі мамандықтар бар, бірақ кітапханашы мамандығы мен үшін өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшеленеді. Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. (далее…)

Қарашаның соңында басталады

Пятница, 22 Окт 2021

Елімізде екпені қайталап салу қарашаның жиырмасынан кейін басталады. «Спутник» салдыртқандарға 9 айдан соң «Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in немесе Pfizer-мен ревакцинация жасауға кеңес берілді. Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in екпесін алғандарға 6 айдан соң Спутник немесе Pfizer салдырту ұсынылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов хабарлады. (далее…)

Нарушаем

Пятница, 22 Окт 2021

В Карагандинской области в проекте Ashyq участвуют 13 495 объектов. С начала повсеместного использования QR-кодов выявлены 3 459 нарушителей предписаний домашнего карантина. Среди них – 3 173 с «красным» статусом и 286 – с «желтым». Наибольшее количество тех, кто не соблюдает режим самоизоляции, приходится на Караганду, Жезказган, Темиртау, Сатпаев и Абайский район. (далее…)

Еще один праздник

Пятница, 22 Окт 2021

Министерство национальной экономики приступило к разработке проекта постановления правительства, после утверждения которого в календаре праздничных дат появится новая – 9 сентября – День предпринимателей Казахстана. Об этом сообщила НПП «Атамекен», передает zakon.kz. (далее…)

САНАҚТЫҢ БІТУІНЕ САНАУЛЫ КҮН ҚАЛДЫ

Пятница, 22 Окт 2021

Енді бірер аптадан соң Ұлттық халық санағы мәреге жетеді. Ел халқының саны мен сапасын саралауды мақсат еткен бұл жауапты науқан «Қазақстанда әрбір адам маңызды» деген ұранмен өтіп жатыр. Ал оның алғашқы кезеңі, яғни, онлайн түрі 15 қазанда аяқталды. Бұған Сәтбаев қаласының тұрғындары да мейлінше белсенділікпен қатысты.

Облыс бойынша бесінші орын

Қалалық экономика және қаржы бөлімі берген ақпаратқа қарағанда, Сәтбаев қаласы онлайн санақтың қорытындысы бойынша облыстағы 18 қалалар мен аудандар арасында 5-орында тұр. Бұл жаман көрсеткіш емес дейді мамандар.

– 17 қазан күнгі мәлімет бойынша Сәтбаев қаласының 29 773 тұрғыны онлайн санақтан өтті. Бұл санаққа қатысуға тиісті тұрғындардың 43 проценті. Қазір, қалада санақ интервьюерлердің қатысуымен жүріп жатыр, – дейді қалалық экономика және қаржы бөлімінің осы жұмысқа жауапты маманы Айғана Жүсіп.

Өз кезегінде дәстүрлі аралау, яғни сұхбатшылардың үйлерге баруы 1-30 қазан күндері аралығында жалғасатыны белгілі. Бұл жұмысқа 78 интервьюер қатысуда. Қалалық статистика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлсім Исатаеваның айтуынша, 19-қазан күнгі мәлімет бойынша, қаланың 21 077 тұрғыны сұхбатшының көмегімен санақтан өткен. (далее…)