Рубрика: Разное

«Басты қазығым – балаларым»

Пятница, 09 Авг 2019

Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…» деген еді. Бүгінде дәстүрлі отбасы құндылығын сақтаған жастардың арамызда бар екендігі
қуантады. Көп балалы ана Дина Тоқсанова солардың қатарында. (далее…)

Өз ісінің маманы

Пятница, 09 Авг 2019

Тамыз айының алғашқы жексенбісі – көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы төл тойларын Сәтбаев қаласының көлік жүргізушілері де лайықты қарсы алды. Солардың бірі – Тұрарбек Балмағанбетов.

Тұрарбек Арынғазыұлы – Ұлытау ауданы, Алғабас ауылының тумасы. Осы ауылдағы орта мектепті бітірген ол 1996 жылы кеншілер қаласына келіп жүргізуші мамандығын игерді. 7 ай оқып, жүргізуші куәлігін алған соң әр салада еңбек етіп, тәжірибе жинады. Ал 2008 жылдан бері қаладағы «Нұр Транс Сәт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде автобус жүргізушісі болып еңбек етіп келеді.
25 жылдай еңбек тәжірибесі бар Тұрарбек Балмағанбетов бүгінде өз ісінің майталманы.

– Бұл салада 18 жасымнан бастап жұмыс істеп келе жатырмын. Осы күнге дейін жұмыс ешқандай қиындық туғызбады. Адам тасымалдаумен айналысу үлкен жауапкершілікті талап етеді, біз сол жауапкершілік үдесінен шығуға тырысамыз, – дейді ол.

Өз жұмыстарына адалдық пен кәсіби шеберліктің нәтижесінде қаламыздың көлік саласы үзіліссіз жұмыс істеуде.

Айдана МАРАТҚЫЗЫ.
Суретті түсірген автор.

Тәуелсіз Қазақстан кепілі

Пятница, 09 Авг 2019

Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, биік мәртебе беріледі. Түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда белгіленеді және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясында шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «қазақстан» деген жазу бар. Осы аталған белгілер алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекетік Гимні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылдың 6-шы қаңтарында еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет осы жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке жетіп, арманымыз орындалды. Егемен еліміздің қадір-қасиетін қастерлеп, мемелкеттік рәміздерін сақтау – міндетіміз әрі борышымыз.

В Карагандинской области создадут дорожную карту по реализации спецпроекта «Сакральная география»

Пятница, 09 Авг 2019

В Шетском районе состоялось выездное заседание Экспертного совета по реализации программы «Рухани жаңғыру» в Карагандинской области. В нём приняли участие историки, археологи, работники сферы культуры и образования.

Участники обсудили реализацию спецпроекта «Сакральная география» за минувшие два с половиной года, а также посетили расположенный в Шетском районе комплекс уникальных исторических памятников.

Итогом этого заседания стали рекомендации Экспертного совета о дальнейшем развитии туризма в Шетском районе. (далее…)

Природа в помощь

Пятница, 09 Авг 2019

Есть еще один убедительнейший повод вплотную заняться озеленением города. Оказывается, чем больше зелени в населенном пункте, тем меньше у его жителей тяги к вредным привычкам. И это не хохма, а вполне обоснованный вердикт длительных научных исследований.

Невероятно, но факт: возможность видеть большое количество зеленых насаждений помогает человеку избавиться от алкогольной зависимости, желания курить и пристрастия к фастфуду. К такому выводу пришли исследователи из Великобритании, представляющие Плимутский университет. По их мнению, контакт с природой позволяет избавиться от самых разнообразных навязчивых желаний. Более того, долгосрочный такой контакт позволяет человеку не только прийти к гармонии с собой, но и снижает риск появления множества распространенных на сегодняшний день проблем со здоровьем, включая диабет, сердечно-сосудистые заболевания и так далее.

Конечно, мнение ученых основано не на пустом месте. Им давно было интересно, позволяют ли трава и деревья вести здоровый образ жизни сами по себе, раз от вредных привычек позволяют избавиться физические упражнения на свежем воздухе. В итоге, эксперты провели опрос, в ходе которого выяснилось, что люди значительно эффективнее сопротивляются таким искушениям, как желание выпить спиртного или выкурить сигарету, если живут в непосредственной близости от парков или иных мест с большим количеством зеленых насаждений. Исследование было опубликовано в журнале Health&Place.

А еще ранее различными коллективами исследователей была продемонстрирована польза растений и в других не вполне очевидных отношениях. Например, специалисты из Охрусского университета в Дании выяснили, что люди, которые провели начало жизни в окружении зелени, во взрослой жизни значительно реже страдают от психических заболеваний, чем те, чье детство прошло в мире «стекла и бетона». (далее…)

Главное, чтобы костюмчик… местный

Пятница, 09 Авг 2019

Очередной государственный шаг к поддержке отечественного товаропроизводителя: чиновникам могут запретить покупать импортную мебель, одежду и белье. Законодательно. (далее…)

Намерения-то благие…

Пятница, 09 Авг 2019

Фонд выплаты алиментов могут создать в Казахстане. Об этом заявил министр юстиции Казахстана Марат БЕКЕТАЕВ. По его словам, концепция фонда будет строиться на опыте зарубежных стран. (далее…)

Талаптансаң – табылады

Пятница, 09 Авг 2019

«Әр адам өмірлік жолын өзі таңдайды. Тек еңбектенгісі келмей, еріншектігі ұстап қалатын жастар жалқаулықты жамылып, жоспарын жүзеге асыруға құлықсыздық танытып жатады. Жігерленіп, сілкініп қылмаған жұмыс жемісін бермейді». Біздің бүгінгі кейіпкер, жас та болса бір бөлімнің бас маманы болып отырған Аслан Шубаев осылай дейді.

Аслан – өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, жүйелі жұмыс атқара білетін жауапты азамат. Сәтбаев қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы. Жоғары білімді Қарағанды мемлекеттік техникалық университетте алып, туған жерге табан тіреген талапты жас. Құрылысшы маман өте жоғары жауапкершілікті жүктейтін бұл саланы таңдауда өзіндік қызығушылығы мен өзгенің пікірі түрткі болғандығын айтады. (далее…)

Еңбегімен абыройлы

Пятница, 09 Авг 2019

Бүгінгі таңда заман талабына сай заманауи үлгілермен салынған құрылыс кешендері аймақтың айбынын арттырып, сымбатына сән қосып, өңірдің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беруде. Құрылыстың қарқын алуы елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік әл-ауқатының артуына тікелей байланысты. Сондықтан, бұл саланы «экономиканың локомотиві» деп атау осы түсінік негізінде қалыптасқан.

Кейінгі жылдары аймағымызда құрылыс саласындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Осы ауқымы үлкен саланың серпінді дамуына білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып,әлі де бұл саладан қол үзбей келе жатқан құрметті құрылысшының бірі – Мұхамбетрахым Әжібаев. Ол – өзінің бар саналы ғұмырын құрылыс пен ауылшаруашылық саласына арнап, туған жердің игілігіне қызмет етіп жүрген арда азамат.

– Мен, – дейді Мұхамбетрахым Пауеденұлы. – 1959 жылы Жезді қалашығында дүниеге келіппін. 1966 жылы №6 мектепте 3 жыл оқып, кейін отбасымыздың Амангелді ауылына көшіп келуіне байланысты сондағы №3 мектепті тәмамдадым. 1976-1978 жылдар аралығында еңбекке етене араласа бастадым. Ауыл шаруашылығында механизатор, көлік жүргізушісі секілді мамандықтарды меңгере бастаған кезім. Бала кезімде атақты археолог Әлкей Марғұланмен кездескен кезім көз алдымда. 1974 жылы Айбас өзенінің бойындағы «Айбас дарасы» атты қазба жұмыстары жүргізілген. Әлкей Хақанұлы сол жерде алтынмен бірге жерленген жауынгердің денесін тауып зерттеген. Сонда біздің үйге келіп, дастарханнан дәм татты. Қазба жұмыстарына оқушылар құрамында болып мен де көмектестім. Бәлкім, біздің алдағы өмірімізге, адам болып қалыптасуымызға сол кісінің ықпалы әсер етті. (далее…)

Jezkiik этно-мәдени фестивалі өтеді

Пятница, 09 Авг 2019

Үстіміздегі жылдың 23-24 тамызында Ұлытау ауданының Болатсай жерінде Jezkiik этно-мәдени мұрасының ІІ Халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ол «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілуде. Фестивальға атақты қазақстандық және шетелдік әртістер – Carmen Guerrero Flamenco (Испания) ансамблі, сербиялық ұлттық «Абрашевич» оркестрі, DUHAJ оркестрі, итальяндық «MORESCA NOVA» тобы және басқалар қатысады. (далее…)