Рубрика: Разное

Көрнекі жұмыстардың маңызы зор

Пятница, 24 Сен 2021

«Жасөспірім» және «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел алдын алу іс-шаралары кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтың өсуін азайтуға септеседі.

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған ең өзекті және әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі – балалар арасындағы қылмысты жою. Осы ретте өткен акция барысында ұйымдастырушылар балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға, ата-­аналар мен жүргізушілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған шарада ПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Роллан Ильдебаев жасөспірімдердің көпшілігі «қауіп-қатер тобында» болатындығын жеткізді. Акция аясында №1 мектеп-гимназияда «Кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дәріс өтіп, полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алуға қатысты ақпараттар берді.

Қабылданған шараларға қарамастан, балалардың жарақат алуы, жазатайым оқиғалар және жасөспірімдер қылмысы фактілері әлі де өзекті. Осыған байланысты С.Сейфуллин атындағы гимназияда бастауыш сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, патрульдік машинамен таныстыру жұмыстары атқарылды. Шара барысында полиция қызметкерлерінен бөлек, мектеп жасындағы балалар да белсенділік танытты. Сондай-ақ, жол белгілері пысықталды. Полицейлер балалар үшін, тіпті ересектер үшін де осындай көрнекі жұмыстардың маңызы зор екенін атап өтті.

Еркеназ ШОҚАН.

Основная задача – реализация обещаний

Пятница, 24 Сен 2021

Главной темой повестки очередного заседания стал вопрос о ходе исполнения Дорожной карты по реализации Предвыборной программы партии города Сатпаев за 8 месяцев.

В понедельник, 20 сентября, состоялось заседание Бюро Политсовета Сатпаевского городского филиала партии «Nur Otan» совместно с депутатской фракцией партии в Сатпаевском городском маслихате. Вёл заседание Председатель Сатпаевского городского филиала партии «Nur Otan», аким города Аскар Идрисов.

– Партия «Nur Otan» разработала свою предвыборную программу по городу Сатпаев. В рамках данной программы совместно с городским отделом экономики и финансов была разработана Дорожная карта по реализации предвыборной программы партии, – отметил Аскар Идрисов и предоставил слово первому заместителю председателя городского филиала партии «Nur Otan» Кайрату Балмагамбетову. (далее…)

Одобрили и утвердили

Пятница, 24 Сен 2021

Во вторник в большом зале городского акимата состоялась 16 сессия городского маслихата, на которой аким города Сатпаев А.Идрисов отчитался перед депутатами о выполнении возложенных на него функций и задач.

В отчетном докладе депутатам была представлена информация о социально-экономическом развитии города.
Несмотря на пандемию, за 8 месяцев во всех экономических показателях наблюдается положительная динамика. Объем промышленной продукции составил 35 млрд. тенге, что на 20% больше, чем в прошлом году, инвестиции в основной капитал – 32 млрд. тенге, рост составил 82%, объем добычи медной руды составил 11,8 млн. тонн.

Объем продукции сельского хозяйства составил 967 млн. тенге и вырос на 23% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Мясо всех видов скота и птицы – 2%, производство яиц – 4%.

В настоящее время продолжается реализация таких масштабных инвестиционных проектов как реконструкция Эскулинского водовода, строительство канализационного коллектора, водопонижение грунтовых вод и строительство новой теплотрассы между ТС-2 и ТС-1.

– По проекту «Водопонижение и отвод поверхностных вод с территории западного, восточного районов и микрорайона №8 г.Сатпаев» подведена дренажная система 347 домов – 7 км и ливневая канализация на 107 домов – 3,5 км, установлены ДНС и КНС по 2 единицы. Целью проекта является установка ливневых очистных сооружений, канализационных и дренажных насосных станций. Во-вторых, реализация данного проекта позволит нам развивать ИЖС в этой части города. (далее…)

В ПРОДОЛЖЕНИЕ «ЧАСА АКИМА»

Пятница, 24 Сен 2021

Очередной сентябрьский «Час акима», который по традиции прошел в минувшую среду на официальном аккаунте акимата города в Instagram, собрал в режиме прямого эфира более 800 участников.

Несмотря на ветреную погоду, в течение отведенного времени аким города Аскар Идрисов с целью инспектирования побывал на трех объектах строительства, по ходу трансляции ответил на поступающие от жителей вопросы и обращения, проинформировав в начале онлайн-встречи о текущей ситуации по городу в целом. В представленной информации были озвучены вопросы заболеваемости коронавирусной инфекцией, вакцинации населения и подготовки коммунальных служб к предстоящему отопительному сезону. (далее…)

«Енбек» помогает создать собственное дело

Пятница, 24 Сен 2021

С целью содействия продуктивной занятости населения и вовлечение граждан в предпринимательство была принята Государственная программа развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы «Еңбек». О том, как реализуется данная госпрограмма рассказал руководитель Центра занятости Казыбек Ашыкбаев.

– Данная программа включает несколько направлений и ставит такие задачи, как подготовка кадров с техническим и профессиональным образованием с учетом потребностей рынка труда; краткосрочное профессиональное обучение по востребованным на рынке труда квалификациям и навыкам; переподготовка трудовых ресурсов и сокращаемых работников – первое направление «Обеспечение участников Программы техническим и профессиональным обучением»; обучение основам предпринимательства по проекту «Бастау Бизнес»; расширение микрокредитования в сельских населенных пунктах, малых городах, городах и моногородах; предоставление государственных грантов на реализацию новых бизнес-идей; оказание активных мер содействия занятости населения и проведение социальной профессиональной ориентации для безработных и отдельных категорий занятых лиц, определяемых Правительством Республики Казахстан; развитие единой цифровой площадки по трудоустройству.

Cначала года в наш Центр обратились 2293 человека. По первому направлению «Обеспечение участников Программы техническим и профессиональным обучением» 33 безработных были направлены на краткосрочное обучение в ИП «Эберман» по специальности «Оператор швейных машин», ТОО «Даму кәсіптік даярлау орталығы» по специальностям «1С Бухгалтерия», «Слесарь АВР». Граждане, прошедшие краткосрочное обучение трудоустроены на постоянную работу по специальности. (далее…)

Ауқымды мәселелерді көтерді

Пятница, 17 Сен 2021

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын мұқият тыңдап шықтым. Біз әр жыл сайын ел төңірегінде қандай жұмыстар атқарылатынын, жаңа белеске қол жеткізу үшін қандай бағыттарға ұмтылуымыз керек екендігін айқындап алу үшін Мемлекет басшысының Жолдауын асыға күтетініміз жасырын емес. Биылғы жылдың 1-қыркүйегінде де Қасым-Жомарт Тоқаев біраз ауқымды сұрақтарды көтерді. Әсіресе әлемді жайлаған пандемиядан кейін біздің елдің экономикалық ахуалы әлсіреп қалғаны жасырын емес, азық-түлік бағаларының күрт өсуі халықты алаңдатып қойды. Осы турасында Президент жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді. Одан кейін тыңдаушылардың назарын бұрғызған тағы бір маңызды дүние елдің әлеуметтік жағдайы болды. Қасым-Жомарт Кемелұлы осы уақытқа дейін 42500 теңгені құрап келген ең төменгі еңбекақының 60 000 теңгеге дейін көтерілетінін айтты. Бұл, әрине, жағымды жаңалық. Былтырғы мен биылғы жыл еліміздегі медицина саласының жай-күйін айқындап берді. Бұл мәселелер де Мемлекет басшысының Жолдауынан тыс қалмады. Өңірлерде көпсалалы ауруханалардың салынуы мен кадрлардың жетпейтіні, оларды дайындауға басымдық беруге қатысты да нақтыланған тапсырмалар берілді.

Марал Мәдиева,
Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңесінің төрайымы.

Өмірдің басты үрдісі

Пятница, 17 Сен 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауының VII-тармағында (ҰЛТТЫҢ ҰЙЫСУЫ – ОДАН ӘРІ ДАМУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ) мемлекеттік тілдің мәртебесіне тоқталды.

«Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан, қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі», – деп көрсетті. (далее…)

Мол мағлұмат алды

Пятница, 17 Сен 2021

Достық үйінде Қала күніне орай тағылымы мол кездесу ұйымдастырылды.

Кенді қаланың өткен тарихы кім-кімді болмасын қызықтыр­май қоймасы анық. Шаһар төңірегін аралап көрсеңіз бұрынғы Петро, Покро, Златоуст, Кресто, Анненский, Никольский, тағы да басқа кен орындарын кездестіресіз. Еліміздегі басқа өңірлерден біздің қаланың тарихын кен өндіру, мыс балқыту ісі ерекшелендіріп тұрады. Сондықтан да болар, Сәтбаев қаласының өткені мен бүгінгісін осы өндіріспен байланыстыра қараймыз. Аймағымыздың осы бір ерекшелегін кейінгі жас буынға түсіндіру мақсатындағы кеште қаланың қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүрген ардагерлер кеншілер шаһарының дамуы жайында баяндап берді. Ақын Жақсылық Омар кенді қаланың тарихынан сыр шертетін жырларынан шашу шашып, Аналар кеңесінің мүшелері Ақайша Сәдуақасова, Майра Жаппасбаева ұрпақ тәрбиесіне әсері мол, өмір жолында арманға жетуге сеп болатын орамды ойларымен бөлісті.

Қаламыздағы Достық үйі – сәулеті жарасқан мәдени орындардың бірі. 2017 жылы Рухани келісім күні қарсаңында ашылған мекеме бүгінде этномәдени орталықтардың құтты мекеніне айналған. Сонымен қатар, қалалық «Қазақ тілі» қоғамы, «Шындық» ҚБ орналасқан. Бұдан тыс мәжіліс-концерт залы, дәрісхана, музей және кітапхана бар.

Сәтбаев жылдан жылға ажарланып келеді. Экономикасы тұрақты даму үстінде. Аумағы ұлғаюда. Ардагерлердің арқасында қала тарихымен жақын танысқан жастар мол мағлұмат алып тарқасты.

Еркеназ ШОҚАН.
Суреттер автордікі.

Іскерлікке бастайтын алаң

Пятница, 17 Сен 2021

Сәтбаев қаласында кәсіпкерлерді тегін баптайтын жексенбілік мектеп қайта есігін ашты. Жоба қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бизнесті құру үшін не істеуге болады? Қаражат көзі қайдан келеді? Табысты кәсіпкер болудың жолдары қалай? Мұндай сұрақтар кәсібін ашқысы келген әр азаматты толғандыратыны жасырын емес. Енді мұның барлығына жауап алуға болады. Жексенбілік бизнес мектебі іспетті бірегей білім беру жобасының ашылуына қала басшысының орынбасары Дәуір Жүнісбеков қатысты. (далее…)

Тапсырмалар нақтыланды

Пятница, 17 Сен 2021

Қала әкімдігінде ел Президентінің Жолдауында айтылған тапсырмалар талқыланды. Міндет еткен жұмыстардың қаламызда қалай жүзеге асырылып жатқандығы баяндалып, алдағы жоспарлар, маңызды істер нақтыланды.

Мемлекеттік мекеме басшылары өз бағыттары бойынша баяндама жасап, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шапағат Әубәкір Жолдауды мұқият тыңдап шыққанын, онда экономика саласына қатысты маңызды дүниелер айтылғанын атап өтті. Олардың ішіндегі бастысы ең төменгі жалақы көлемінің артуы екенін жеткізді. Экономика саласына қатысты айтылған тапсырмалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап айтты. Мәселен, қала әкімдігі біздің өңірдің дамуы үшін 2021-2025 жылдарға арналған бағдарлама қабылдаған. Бұл халықтың әл-ауқатын жақсартып, өмір сүру сапасын көтеруге, шағын және орта кәсіпкерлікті қарыштату үшін қолға алынып отыр. Мемлекет басшысы Жолдауда медицина саласына да айрықша тоқталғаны белгілі. Елімізде бұл саланың ақсаңқырап тұрғанын жасырмай айтты. Осы орайда толассыз жұмыс істеп, кадрларды дайындауға басымдық беру керектігін назарға қойды. Медицина саласына қатысты тапсыр­малар жөнінде актив жиынында Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысы Ләззат Ранова сөз алды. Ол алдымен былтырғы жылмен салыстырғанда біздің өңірде эпидемиологиялық ахуалды қалыпты деуге болатынын жеткізді.

– Бұл – бірлескен қажырлы жұмыстың нәтижесі. Пандемияның екінші толқыны уақытында Сәтбаев қаласындағы медициналық ұйымдар заманауи техникалармен жабдықталды. Оның ішінде орталық ауруханаға томографияға түсіретін аппарат орнатылды. Өкпені жасанды жолмен желдету қондырғысының 18-і әкелініп, медициналық ұйымдарға орнатылды, – деді маман.

Еркеназ ШОҚАН.
Суреттер автордікі.